АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың мәлімдеуінше, Абу-Дабиде өтетін келіссөзде Ресей мен Украина өкілдері қақтығысты бәсеңдету және соғыстан кейінгі қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың арағайындығымен өтетін кездесудің негізгі тақырыптары туралы Уиткофф X әлеуметтік желісінде жазды.

«Талқылау соғыстан кейінгі кезеңдегі қауіпсіздік жөніндегі келісімдерге, шиеленісті бәсеңдетуге, гуманитарлық мәселелерге және бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы келесі қадамдарға арналады», – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, Уиткофф Украина бойынша үшжақты келіссөз 10-11 қарашада өтетінін хабарлаған болатын.