Абай облысындағы жол апатында қаза болғандардың арасында Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, департамент қаза болған қызметкерлердің отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетіп жатыр.

«Қазіргі уақытта департамент болған оқиға бойынша қызметтік тергеп-тексеруді бастады. Оның нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне объективті баға беріледі», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 26 тамызда сағат 15:30 шамасында Абай облысының Семей–Курчатов тас жолында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды. Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, сол жерде Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан.