Абай облысындағы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тіркелген орман өрті 22 қыркүйек сағат 17:30-да оқшауланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт 2026 жылдың 20 қыркүйегінде басталған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, күрделі таулы жер бедері мен жекелеген учаскелерге жетудің қиындығына қарамастан, орман күзеті қызметкерлері мен жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрттің одан әрі таралуы тоқтатылып, өртті оқшаулауға қол жеткізілді.

Өртті сөндіруге 327 адам, 31 техника және 2 әуе кемесі жұмылдырылды. Авиациямен жалпы көлемі 68 тонна суды құрайтын 26 рет су төгу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.