Абай облысы Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Үржар ауылындағы әуежай терминалын қайта жаңғырту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
"Бұл – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жоба аяқталғаннан кейін әуежай терминалының өткізу қабілеті айтарлықтай артады", - дейді облыс әкімдігі.
Қазір әуежай сағатына 30 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңғырту жұмыстарынан кейін бұл көрсеткіш 140 жолаушыға дейін ұлғаяды.
