Абай облысының Семей–Курчатов тас жолында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 тамызда сағат шамамен 15:30-да болған. Chevrolet Nexia және Kia Rio маркалы екі автокөлік соқтығысқан.
Полицияның айтуынша, Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан "Газель" көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, сол жерде Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан көлік жүргізушілері мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
