Абай облысында дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарын ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланған адамдар тобының заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Семей қаласында жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан жауап алынды.
Тергеу деректері бойынша, оларға тиесілі банк карталары ақша қабылдау үшін пайдаланылған. Кейін түскен қаражат бөлшектеліп, басқа шоттарға аударылған. Бұл оның қайдан шыққанын жасыруға, қаржы ағынын бақылауды қиындатуға және кейін ақшаны қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік берген.
Студенттердің бірінің шотына ғана 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен. Ақша жіберген азаматтар интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды.
Олар елдің 11 өңірін қамтиды: Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары.
Тергеу жалғасып жатыр.
