Биылғы жылдың 6 айында Абай облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлері қол іздерінің көмегімен 92 қылмысты ашты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар 73 жағдайда криминалистикалық зерттеулердің нәтижелері қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтап, істердің ашылуына ықпал еткен.

Полицияның айтуынша, қол іздері – қылмысты ашудағы ең маңызды әрі сенімді дәлелдердің бірі. Оларды дер кезінде анықтау, сапалы түрде алу және зерттеу қылмыс жасаған адамның жеке басын анықтауға, оның оқиға орнымен байланысын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Осындай жұмыстың нәтижесінде қылмыстар ашылып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.