Фото: abaidan.kz
Абай облысында инвестициялық белсенділік айтарлықтай артты. Өңір әкімі Берік Уәлидің айтуынша, жыл басынан бері іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін өскен, ал тартылған инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Олардың ішінде 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілді. Ірі жобалардың бірі — құны 577,5 млрд теңге болатын, ұзындығы 297,5 шақырымды қамтитын “Аягөз – Бақты” теміржол желісінің құрылысы. Қазір 10,5 мың гектар жер резервке қойылды, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бекітілген, ал құрылысы 2023 жылы басталды. Осы уақытқа дейін 30 млрд теңге инвестиция салынды. Нысанды 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр, – деді Берік Уәли.»
—
Биыл жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 14 жобаны іске асыру көзделген. Әкімнің айтуынша, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру – Абай облысының тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің басты бағыты.