Әнші Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы Сымбат Абайқызы босанып, ұлды болды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Сәбилі болғанын әншінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

««Бүгін өміріміздің ең тәтті үні естіліп, жер бетіне менің кішкентай ханзадам келді. 9 ай бойы жүрегімнің соғысымен бірге соққан сен екенсің ғой, менің әлемім. 11.11.2025 жарық өмірге келген датаңнан айналдым. Ана болу оңай емес екен ғой», – деп жазды Сымбат Абайқызы.»

Сол сияқты ұлының 4400 грамм салмақта босанғаны және бойы 58 см болғаны белгілі болды.