Бүгін, 9 тамызда, әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық әлемнің байырғы халықтары күні
Бүгін – Халықаралық әлемнің байырғы халықтары күні. Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1994 жылы пайда болды. Мейрамның мақсаты – байырғы халықтар проблемасына назар аудару. Статистикаға сүйенсек, байырғы халықтардың жалпы саны – 370 миллион адам. Олар – әлемнің 90-нан астам елінде тұратын әртүрлі мәдениет өкілдері.
Оңтүстік Африка Республикасындағы Ұлттық әйелдер күні
Оңтүстік Африка Республикасы тұрғындары мемлекеттік мереке – Ұлттық әйелдер күнін атап өтеді. Бұл мереке 1956 жылғы әйелдер шеруінің құрметіне пайда болды. 1956 жылы 9 тамызда жиырма мың әйел ОАР-дың қара нәсілді халқының көші-қонын шектейтін заңдарға наразылығын білдіру үшін Преториядағы парламент үйінің алдына жиналды. Қатысушы әйелдер премьер-министр Йоханнес Стрейдомның кабинеті алдында дискриминациялық заңға қарсы бір бума петиция қалдырды, оған жүз мыңнан астам адам қол қойған болатын. Содан кейін қыз-келіншектер парламент үйінің алдында жарты сағат үнсіз тұрды. Көптеген әйел шеруге балаларын ертіп келді. 1994 жылдан бері осы күн Оңтүстік Африкада жыл сайын Ұлттық әйелдер күні ретінде тойланып келеді.
Канададағы Ұлттық бітімгерлер күні
Канадада бүгін Ұлттық бітімгерлер күні аталып өтеді. Еске алу күні ресми түрде 9 тамыз болғанымен, рәсімді әдетте осы күнге жақын жексенбіде өткізеді. Ұлттық бітімгерлер күні Канаданың әскери бітімгерлік күштерінің барлық ардагерін еске алады. Бұл күннің таңдалу себебі - 1974 жылы 9 тамызда Сирияның үш зымыраны тоғыз канадалық бітімгер мінген Buffalo 461 ұшағын атып құлатты. Оқиға салдарынан барлық тоғыз жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан еді. Осы қайғылы оқиғаны мәңгі есте сақтау үшін Калгаридегі Бітімгерлер саябағында мемориал ашылған, сондай-ақ Ұлттық бітімгерлер күні бекітілді. 2008 жылы бұл күн ресми мәртебеге ие болды.
9 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011173 жылы Италиядағы Пиза мұнарасының құрылысы басталды;
- 021639 жылы қазіргі Нью-Йорк қаласының жеріне алғаш рет еуропалықтар қоныстанды;
- 031803 жылы Роберт Фултон ойлап тапқан пароход алғаш рет таныстырылды;
- 041859 жылы АҚШ тұрғыны Натан Эймс эскалаторды патенттеді;
- 051910 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласының тұрғыны Альва Джон Фишер электрлі кір жуғыш машинаны патенттеді;
- 061928 жылы Ленинград циркінің ғимаратында әлемдегі алғашқы цирк және эстрада музейі ашылды.
9 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011971 жылы Семейде "Еңлік-Кебек" кинотеатры ашылды;
- 021994 жылы Алматыда Ұлттық банктің мемлекеттік қоймасының іргетасы қаланды;
- 032000 жылы Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы достастық туралы меморандумға қол қойылды;
- 042010 жылы Алматыда алғаш рет жазғы көше кинотеатры ашылды;
- 052013 жылы Жамбыл облысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансұлттық дәлізінің жаңа бөлігі ашылды. Меркі ауданында төрт жолақты 48 километрлік магистраль пайдалануға берілді;
- 062017 жылы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында елорданың Меценаттар клубы құрылды;
- 072017 жылы Ақмола облысында "Құмай" этнографиялық паркі құрылды.
9 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011899 жылы ағылшын жазушысы, Мэри Поппинс туралы кітаптардың авторы Памела Трэверс дүниеге келді;
- 021914 жылы фин жазушысы, суретші Туве Марика Янссон дүниеге келді;
- 031963 жылы америкалық поп, соул және ритм-энд-блюз әншісі, актриса, продюсер Уитни Хьюстон дүниеге келді;
- 041976 жылы француз актрисасы Одри Тоту дүниеге келді.
9 тамызда Қазақстанда кім туды
- 011879 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың белсенді қатысушысы, Қазақ КСР-інің халық ақыны Омар Шипин дүниеге келді;
- 021933 жылы ғалым-геолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессоры Мүфтах Диаров дүниеге келді;
- 031944 жылы Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ кинодраматургі Зәуреш Ерғалиева дүниеге келді;
- 041959 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акдемиясының аға оқытушысы, доцент, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ балалар мен жасөспірімдер академиялық театрының актрисасы Әсел Мәмбетова дүниеге келді;
- 051983 жылы еркін күрестен қазақ палуаны Дәулет Шабанбай дүниеге келді.
