9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлері күні және балық шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл атаулы күнді балық шаруашылығы қызметкерлері, кәсіби өзен және теңіз балық аулаушылары, балықшы-спортшылар, жазда немесе қыста балық аулауды ұнататындар тойлайды.
Жыл сайын 9 шілдеде Әзербайжан Республикасында Дипломатиялық қызмет органдарының қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл мейрам 2007 жылдың 24 тамызында президент Ильхам Алиевтің жарлығымен бекітілді. Елде 2001 жылдың 8 маусымынан бері "Дипломатиялық қызмет туралы" заң қабылданған. Ол Әзербайжан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің бір түрі – дипломатиялық қызметтің құқықтық негіздерін орнатады.
Аргентинада 1816 жылы Күміс Өзен Біріккен Провинцияларының (Аргентина) Тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. Бұл Аргентина Республикасының туған күні болды. Содан бері елде 9 шілдеде ресми мереке – Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Буэнос-Айрес биліктерінің арасындағы ұзаққа ұласқан тартыс Наполеон Фердинанд VII патшаны тақтан тайдырып, Испанияны жаулап алғанда басталды. 1810 жылы 25 мамырда Буэнос-Айрес кеңесі Фердинанд таққа оралғанша патшаның атынан басқаратын уақытша үкімет құрды. Осы жайттардың салдарынан Аргентинаның Тәуелсіздігі туралы декларация 1816 жылдың 9 шілдесінде бір-ақ қабылданды.
Сонымен бірге Дарамүйізге сену күні тойланады. Қазіргі заманда дарамүйіздер туралы әртүрлі көзқарас бар. Ал сіз осы бір аңызға айналған жануарды білесіз бе? Күні бойы дарамүйіздің бар екеніне сену оңай деп ойлайсыз ба? Байқап көріңіз, бәлкім, бүгін соның сәті түсіп тұрған шығар. Сонда сіз айдаһар, су перісі және тағы басқа таңғажайып тіршілік иелеріне сенетін боласыз.
9 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011877 жылы Уимблдонда алғаш рет теннис чемпионаты өтті.
- 021918 жылы АҚШ-тағы ең ірі темір жол апаты болды.
- 031957 жылы Менделеев кестесінің 102-ші элементі – нобелий ашылды.
- 042011 жылы Оңтүстік Судан тәуелсіз мемлекетке айналып, астанасы Джуба болды.
9 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011991 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен мемлекеттік салық қызметі құрылды.
- 022001 жылы Қазақстанның "Ғылым туралы" заңы қабылданды.
- 032007 жылы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы археологиялық-этнографиялық орталықтың экспедиция мүшелері сармат дәуірінен қалған алты обаны тапты.
- 042009 жылы Астанада тозған автомобиль шиналарын өңдейтін ТМД-дағы алғашқы зауыт ашылды.
- 052022 жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанды.
9 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011938 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы Лия Ахеджакова дүниеге келді. "Служебный роман" фильмінде хатшы қыз Вераның рөлін сомдаған.
- 021956 жылы танымал америкалық актер, режиссер, сценарист және продюсер Том Хэнкс дүниеге келді ("Зеленая миля", "Форрест Гамп", "Терминал", "Облачный атлас", "Секретное досье" фильмдерінде басты рөл сомдаған, екі рет "Оскар" жүлдесін иеленген).
9 шілдеде Қазақстанда кім туды
- 011946 жылы қазақстандық тілші, саясаттанушы Қуаныш Ермекбаев дүниеге келді.
- 021959 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов дүниеге келді.
- 031960 жылы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Бас хатшысы – вице-президенті Тастанбек Есентаев дүниеге келді.
- 041964 жылы театр және кино актері, тележүргізуші Евгений Жұманов дүниеге келді.
- 051982 жылы "БанкЦентрКредит" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ғалым Құсайынов дүниеге келді.
