Бүгін әлем жұрты халықаралық сұлулық күнін атап өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл косметолог маман, пластикалық хирург, косметика өндіруші және оны сатушылардың мерекесі. Мереке халықаралық СИДЕСКО эстетика және косметология комитетінің бастамасымен белгіленді. Комитет 1946 жылы Брюсселде құрылып, әлемдегі сұлулық терапиясы ассоциациясы болып танылды.

Әлемнің көптеген мемлекетінде 9 қыркүйек күні сұлулық байқауы өтеді. Мұндай байқау алғаш рет 1888 жылы Бельгияда өтті. Ал "Әлем аруы" байқауы 1951 жылы Лондонда өтті.

Халықаралық тырналар күні

Сондай-ақ, бүгін халықаралық тырналар күні. Бұл сұлу құстардың алғашқы буыны динозаврлар кезінде пайда болды. Тырналардың тарихи отаны Солтүстік Америка болып саналды. Кейін олар Азияға, Австралия мен Америкаға таралды. Бүгінгі таңда тырналарды көбейту жұмыстары Антарктида мен Оңтүстік Америкадан бөлек аймақтардың бәрінде жүріп жатыр. Олар шамамен осы күні жылы жаққа ұшып кететіндіктен, мереке болып белгіленген.

9 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011776 жылы Біріккен Америка Колониясы Америка Құрама Штаттары болып өзгертілді;
  • 021913 жылы орыс әскери ұшқышы Петр Нестеров "өлі ілмек" атты ұшу өнеріне тән қиын фигураны орындады;
  • 031956 жылы Элвис Пресли алғаш рет ұлттық телевидениеге шықты;
  • 041970 жылы Волга автомобиль зауыты ВАЗ-2101 — "Жигули" көліктерін шығара бастады.

9 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 012005 жылы Қазақстан Республикасы бас прокурорының бұйрығымен Екібастұзда Қазақстандағы тұңғыш базалық прокуратура ашылды;
  • 022005 жылы Астанада Қазақстанның алғашқы ұлттық жастар дельфий ойындары ашылды;
  • 032005 жылы Алматыда Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің алғашқы мәжілісі болып өтті;
  • 042005 жылы Алматыда "Қауымдасқан қазақтың Қалдарбегі" атты естелік кітабы жарық көрді.

9 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011828 жылы орыс жазушысы әрі философ Лев Толстой дүниеге келді ("Война и Мир", "Анна Каренина");
  • 021930 жылы кеңес киноактрисасы Надежда Румянцева дүниеге келді ("Девчата", "Королева бензоколонки");
  • 031960 жылы ағылшын актер Хью Грант туды ("Дневник Бриджит Джонс", "Звездный атлас");
  • 041966 жылы америкалық актер, әзілкеш Адам Сэндлер дүниеге келді ("Большой папа", "Счастливчик Гилмор", "Одноклассники").

9 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді?

  • 011928 жылы жазушы, әдебиет сыншысы, әдебиет зерттеуші, филология ғылымының кандидаты Айқын Нұрқатов дүниеге келді;
  • 021942 жылы жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүкенбай Досжан дүниеге келді;
  • 031933 жылы пианист, педагог, концертмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Людмила Иванова туды;
  • 041950 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты болған Гүлжан Қарақұсова дүниеге келді;
  • 051974 жылы ҚР әділет министрлігінің сот актілерін орындау департаментінің төрағасы қызметін атқарған Жанат Ешмағамбетов дүниеге келді.