Күн белсенділігі зертханасы 9 қазанда, жұма күні Жерде магниттік дауыл күтілетінін хабарлады. Геомагниттік дауыл қалыпты болады және 5 балдық шкала бойынша G2 деңгейінен аспайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Астрономдардың болжамдары бойынша, дауыл күннің бірінші жартысында күтіледі.
«Қазіргі уақытта жалпы күн белсенділігі төмендеп, жаңа жарқылдардың қуаты күрт азайды, сондықтан осы демалыс күндері ұзаққа созылатын экстремалды дауыл күтілмейді. Дегенмен, жоғары геомагниттік фон сенбіде, 10 қазанда да сақталуы мүмкін», — деп атап өтті ғалымдар.
Бұған дейін «Курсив» астрономдар күзгі жұлдыз жауынының шарықтау шегін жерліктер қашан көре алатынын айтқанын жазған болатын.
