9 қазанда әлемде Дүниежүзілік пошта күні (World Post Day) атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ бұл күні Оңтүстік Кореяда корей әліпбиін жариялау күні (Hangul Proclamation Day) атап өтіледі. Корей тілінің байырғы әліпбиі Хангыль (Hangul) деп аталады, 1446 жылы 9 қазанда король Ұлы Седжон құжатты қолданысқа енгізген.

9 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011651 жылы Англияда Навигациялық акт қабылданды, бұл құжат бойынша Ұлыбританияға отар елдерден тауарлар тек ағылшын кемелерімен жеткізілді.
  • 021865 жылы бильярд шарына патент алынды.
  • 031872 жылы АҚШ-та пошта бойынша берілетін тапсырыстың алғашқы каталогы жарыққа шықты.
  • 041918 жылы Финляндия королі болып Фридрих Карл Гессенский таққа отырды.
  • 051989 жылы КСРО-да А. Кашпировскийдің алғашқы телесеансы өтті.

9 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011731 жылы Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтары Ресейге қосылды.
  • 022006 жылы Қызылорда облысы Жалағаш кентіндегі алаңға Кенесарының азаттық күресіндегі басты батырлардың бірі — Бұқарбайға ескерткіш орнатылды.

9 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011547 жылы испан жазушысы Мигель де Сервантес дүниеге келді.
  • 021873 жылы неміс астрономы, теориялық астрофизиканың негізін қалаушылардың бірі Карл Шварцшильд дүниеге келді.
  • 031926 жылы кеңес одағының театр және кино актері Евгений Евстигнеев дүниеге келді.
  • 041940 жылы британдық рок-музыкант, ақын, композитор, суретші, жазушы Джон Леннон өмірге келді. The Beatles тобының негізін қалаушылардың бірі және әншісі, XX ғасырдағы танымал музыкант. The Beatles ыдырағаннан кейін жеке әнші ретінде өнер көрсете бастады.
  • 051959 жылы ресейлік саясаткер және мемлекеттік қайраткер, алтыншы шақырылымдағы Ярослав облыстық думасының депутаты, ресейлік оппозицияның үйлестіру кеңесінің мүшесі, ғалым-физик Борис Немцов дүниеге келді.
  • 061966 жылы британдық саясаткер, Ұлыбритания премьер-министрі болған, Консервативтік партияның көшбасшысы қызметін атқарған Дэвид Вильям Дональд Кэмерон дүниеге келді.

9 қазанда Қазақстанда кім туды

  • 011899 жылы ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері Николай Бубличенко дүниеге келді.
  • 021951 жылы химия ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Арыстан Ғазалиев дүниеге келді.
  • 031959 жылы қазақстандық фармацевтикалық нарықтағы танымал тұлғалардың бірі, дәрі-дәрмек сараптамасының отандық қызметін дамытуға атсалысқан Серік Сұлтанов дүниеге келді.