9 маусымда әлемде Халықаралық достар күні, Халықаралық аккредиттеу күні, Дональд Дактың ұлттық күні және Халықаралық архив күні атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық достар күні

Достық – бұл адамға тұлға ретінде қалыптасуға, өзіне деген құрметті арттыруға және өмірлік тәжірибе алуға көмектесетін тамаша сезім. Әдетте, рухы мен көзқарасы жақын адамдар жақсы дос болады. Олармен бірге бос уақытыңды өткізіп қана қоймай, басыңа іс түскенде мұңыңды шаға аласың, өйткені олар әрқашан көмекке бірінші болып келеді. О.С.Ожегов сөздігі бұл ұғымды былай сипаттайды: "Достық – бұл өзара сүйіспеншілікке, рухани жақындыққа, жалпы мүдделерге және тағы басқа құндылықтарға негізделген адамдар арасындағы қарым-қатынас". Өкінішке қарай, жыл өткен сайын адал достардың саны азайып келеді, алайда "Екі жаңа досыңнан бір ескі досың артық" деген мақал әлі де өзекті.

Халықаралық аккредиттеу күні

Аккредиттеу жұмыстың әр түрлі салаларында қажет. Халықаралық аккредиттеу күні мерекесін ILAC және IAF Бас Ассамблеясы (сынақ зертханаларын аккредиттеумен айналысатын ұйымдар және сертификаттау органдары) 2008 жылдың 9 маусымында құрды. Бұл мерекені құруға Аккредиттеу және зертханалық аккредиттеу бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумның шешімімен қолдау тапқан бастама негіз болды. Мерекенің мақсаты – ILAC және IAF аккредитацияларымен байланысты жұмыстарға назар аудару.

Дональд Дактың ұлттық күні

Жыл сайын 9 маусымда Америкада Дональд Дактың ұлттық күні аталып өтеді! Дата кездейсоқ таңдалмаған – Дональд Дак алғаш рет экранға 1934 жылы 9 маусымда "Кішкентай ақылды тауық" (The Wise Little Hen) мультфильмі арқылы шықты. Уолт Диснейге Дональд Дакты жасау идеясы үйректің дауысын сала білетін Кларенс Нэшті (Clarence Nash) тыңдағаннан кейін келген. Диснейге Микки Маус сияқты емес, неғұрлым жағымсыз кейіпкер қажет болды. Дональд өзінің ит мінезімен өте жақсы үйлесе кеткен. Нэш Дональдты 1934 жылдан 1985 жылға дейін дыбыстап, өзінің орнына Тони Ансельмоны (Tony Anselmo) дайындады. Дональдтың екінші аты – Фонтлерой (Fauntleroy). Бұл есім 1942 жылы "Дональд Дак әскерге барады" (Donald Gets Drafted) мультфильмінде алғаш рет аталды. Дональд Дак – ресми екінші аты бар Диснейдің жалғыз кейіпкері.

Халықаралық архив күні

Бұл мереке 2007 жылы қарашада Квебекте (Канада) Халықаралық архив кеңесінің Бас ассамблеясында (МСА, International Council on Archives, ICA) бекітілді. Аталған күн кездейсоқ таңдалған жоқ – 1948 жылы дәл осы күні ЮНЕСКО-ның шешімімен Халықаралық архив кеңесінің (МСА) негізі қаланды.

9 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011793 жылы Жоғарғы Канадаға құл әкелуге тыйым салынды;
  • 021822 жылы АҚШ-та Чарльз Грэм жасанды жақты патенттеді;
  • 031850 жылы Францияда клубтар мен қоғамдық митингтерге тыйым салынған;
  • 041904 жылы Лондон симфониялық оркестрі өзінің алғашқы концертін берді.

9 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011993 жылы Алматыдағы Достық үйінде Каспий теңізі айдынының Қазақстанға қарасты қайраңында геологиялық барлау бағдарламасы жөнінде Халықаралық мұнай компаниялары консорциумы құрылды.
  • 021995 жылы "Дидар-Қазақстан" халықаралық журналының алғашқы нөмірі жарық көрді;
  • 031998 жылы Астанада Қырғызстан елшілігі ғимаратының ашылу салтанаты өтті;
  • 041998 жылы Астанада "Отан қорғаушыларға" арналған болашақ ескерткіштің орнына белгітас орнатылды;
  • 052009 жылы Ақмола облысының Торғай ауылы маңынан түркі дәуірінің "Қос батыр" ғұрыптық ескерткіші табылды;
  • 062017 жылы Қазақстан президенті Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесін ресми түрде ашық деп жариялады;
  • 072017 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің президенттері ұйымның саммитінде Мемлекет басшыларының Астана декларациясына қол қойды;
  • 082021 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші пленарлық отырысында Қазақстан БҰҰ-ның 2022-2024 жылдарға арналған Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болып сайланды.

9 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011941 жылы ағылшын әншісі әрі композиторы, "Deep Purple", "Artwoods", "Flower Pot Men", "Paice", "Ashton & Lord", "Whitesnake" топтарының мүшесі Джон Лорд дүниеге келді;
  • 021961 жылы канадалық киноактер Майкл Фокс дүниеге келді ("Отбасылық қарым-қатынас", "Болашаққа оралу", "60 тасжол" фильмдері);
  • 031963 жылы америкалық актер және режиссер Джонни Депп дүниеге келді ("Чарли және шоколад фабрикасы", "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмдері);
  • 041978 жылы вокалист, гитарашы, композитор, Muse тобының жетекшісі Мэттью Беллами дүниеге келді.

9 маусымда Қазақстанда туған тұлғалар

  • 011928 жылы театр және кино режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрар Дүйсебаев дүниеге келді;
  • 021938 жылы жазушы Үсен Шойбеков дүниеге келді;
  • 031939 жылы қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Каленбаева дүниеге келді;
  • 041939 жылы кардиохирург, Қазақстан Республикасының профилактикалық медицина академиясының академигі Сейітхан Жошыбаев дүниеге келді.