Фото: «Самұрық—Қазына«АҚ Нұрлан Жақыпов

«Самұрық—Қазына« АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі табыстары туралы декларацияларды жариялады. Осы уақыт аралығында ол жүздеген миллион теңге пайда тапқан, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ порталы.

2022 жылы — 422 182 000 теңге;

2023 жылы —186 543 551 теңге;

2024 жылы —197 259 412 теңге.

Үш жыл ішінде алынған табыстың жалпы сомасы 805 984 963 теңгені құрады.

2024 жылғы кірістер туралы декларацияны даму және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директор – Басқарма мүшесі Салтанат Сатжан да ұсынды. Ол 8 273 745 теңге табыс тапты.

Бейжіңдегі Қор өкілдігінің басшысы Сәкен Мұратұлының жұбайы Гүлнұр Нұркеева 2024 жылы 96 314 355 теңге декларациялады.