Астана тұрғыны төрт ай ішінде 80 рет жол ережесін бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, ер адам жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салу сигналына жол жүру және маневр жасау ережелерін бұзған. Барлық бұзушылықтар бейнекамералар арқылы тіркелген.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, жазаға келіскен. Оған ҚР Әкімшілік кодексінің 596-бабы бойынша 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертіп, қайталанатын бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.