8 тамыз – Дүниежүзілік мысық күні. Мысық туралы аңыз-әңгімелер өте көп, себебі адаммен бірге тұратын одан асқан тылсым жануар жоқ шығар. Ертегілер мен аңыз-әңгімелерде, халықтың наным-сенімі мен ырымдарында мысықтың орны бөлек. Оның тоғыз жаны бар, үйге келген қонақтың арам пиғылын сезеді, ауру-сырқаудан емдеп жазады деген наным қалыптасқан. Тіпті мысық қауіп-қатерді алдын ала сезеді деген де пайымдау бар. Мазасыз күйге түсіп, иесіне жер сілкінісі туралы хабар берген мысықтар жайлы оқиғалар жетерлік. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ағылшындар бірнәрсені анық байқапты – бомба туралы алдын ала ескертетін жүйеден гөрі, мысықтың түйсігі әлдеқайда сенімдірек. Аспаннан қатер төніп келе жатқанда, ұйықтап жатқан мысық кілт оянып, аласұрып, беймаза күйге түскен, ал біраз уақыттан соң техника белгі бере бастаған. Қытайда мысықтар заң жүзінде қорғалған, ал Австрияда азық-түлік қоймасын күзеткен мысықтарды өмір бойы қорекпен қамтамасыз етеді. Олардың құрметіне ғибадатхана тұрғызылып (мысалы, Жапонияда) және музейлер ашылған (Германия, Ресей және т.б.). Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар бүгін Дүниежүзілік альпинист күні аталып өтеді. Әлемде басын қатерге тігіп, бойындағы адреналинді сезінбесе тұра алмайтын адамдар бар. Олар өмірде экстремалды спортпен шұғылданады немесе сондай жұмыс табады, тіпті демалысын да белсенді өткізуге тырысады. Альпинизм ең қауіпті мамандық немесе хобби қатарына жатады. Таудағы қауіпсіздік пен экспедиция мүшелерінің амандығы әр альпинистің дайындығы мен шеберлігіне байланысты. Биік шыңға өрмелеу үшін ұзақ уақыт дене шынықтырып қана қоймай, психологиялық жағынан да дайындалу керек. Қатал климаттық жағдайлар, ауа температурасының ауытқуы, жел, тау ауасы дайындығы нашар адамды бірден титықтатады. Биік шыңдарды бағындырған альпинистердің құрметіне Дүниежүзілік мереке аталып өтеді. Тауға өрмелеу спорт түрі ретінде бұрыннан пайда болса да, мейрам ресми түрде 1786 жылдан бері тойланып келеді. 1949 жылы Кеңес Одағында алғаш рет тауға өрмелеуден жарыс өтті, ол кезде бұл альпинизмнің бір түріне жататын. Қазір бұл бағыт туризмнің жеке тармағы ретінде дамып келеді. Халықаралық альпинизм күнін кәсіпқой спортшылар, әуесқой тауға өрмелеушілермен бірге сүйікті ісін маманлықа айналдырған жандар – биікке өрмелеушілер мен өнеркәсіп альпинистері де тойлайды. Бұл күн 1786 жылы 8 тамызда Альпы тауының ең биік шыңы Монбланды бағындыру құрметіне таңдалған.

Сонымен қатар, бүгін – Тоңазытқыштың туған күні. 1899 жылы 8 тамызда АҚШ-тың Миннесота қаласында өнертапқыш Альберт Маршалл алғаш рет тоңазытқышты патенттеді, алайда оның заманауи түрі АҚШ нарығында 1910 жылы пайда болды. Халық назарына суытуы құрылғысы бар үй агрегаты ұсынылды, оны "Дженерал Электрик" компаниясы өндіретін. Кеңес Одағы тоңазытқышты 1938 жылы алғаш рет өндірді, ал халық 1960 жылдан бері ғана жаппай сатып ала бастады. Әлемдегі ең мықты әрі ең қымбат тоңазытқыш – Northland refrigerator 60 SS. Оның есігі әйнектен жасалған, сауыты тот баспайтын болаттан құйылған әрі қымбат ағаштардан ойып жасалған бөліктермен безендірілген. Осы және басқа да модельдерді дарынды инженерлер мен данышпан өнертапқыштар мереке күні тұтынушыларға ұсынады.

8 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011786 жылы Жак Бальма мен Мишель Паккар тұңғыш рет Еуропаның ең биік шыңы – Монбланды бағындырды;
  • 021929 жылы "Граф Цепеллин" дирижаблі Жер шарын айналып ұшуға аттанды;
  • 031966 жылы Қытайда мәдени төңкеріс басталғаны жарияланды;
  • 041967 жылы Бангкокта Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) құрылды;
  • 051968 жылы Киевте Мәдениет институты ашылды;
  • 062000 жылы Ұлыбритания, АҚШ және Италия ғалымдары адамды клондау тәжірибесі басталғанын ресми жариялады;
  • 072008 жылы Бейжіңде XXIX Олимпиада ойындарының ашылуы өтті;
  • 082014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Батыс Африкадағы Эбола індетін халықаралық төтенше жағдай деп жариялады.

8 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011992 жылы Павлодардағы "Медполимер" кәсіпорны бір реттік шприцтер шығаруды бастады;
  • 021998 жылы Көкшетауда Шоқан Уәлихановтың ескерткіші ашылды;
  • 032002 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы" заңға қол қойды;
  • 042012 жылы Қазақстандағы алғашқы жүрек ауыстыру отасы Қостанай облысы тұрғыны Жәнібек Оспановқа жасалды;
  • 052013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды;
  • 062017 жылы Қазақстан авиация қауіпсіздігі саласындағы жетістіктері үшін ИКАО кеңесінің марапатына ие болды;
  • 072023 жылы Қазақстанда Халықаралық альпинистер күні аталып өтті.

8 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011876 жылы Австрия футболының аңызы, әйгілі футболшы Маттиас Циндель дүниеге келді;
  • 021901 жылы циклотронды ойлап тапқан, Нобель сыйлығының лауреаты америкалық физик Эрнест Лоуренс дүниеге келді;
  • 031921 жылы Голливуд актрисасы, жүзу өнерінің жұлдызы Эстер Уильямс дүниеге келді;
  • 041937 жылы екі мәрте "Оскар" сыйлығын иеленген америкалық киноактер Дастин Хоффман дүниеге келді;
  • 051943 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино режиссері, тележүргізуші, актер Юлий Гусман дүниеге келді;
  • 061949 жылы итальян театр және кино актрисасы, модель Антония Сантилли дүниеге келді. "Невероятные приключения итальянцев в России" фильмінде Ольганың рөлін сомдаған;
  • 071953 жылы Ресейдің театр және кино актері Виктор Авилов дүниеге келді;
  • 081961 жылы "Шерлок" және "Хоббит" фильмдеріндегі рөлдерімен танымал британдық актер Мартин Фриман дүниеге келді;
  • 091967 жылы ресейлік "Кухня" телехикаясында Айнураның рөлін сомдаған қырғыз актрисасы Жаңыл Асанбекова дүниеге келді;
  • 101981 жылы швейцариялық кәсіпқой теннисші Роджер Федерер дүниеге келді;
  • 111998 жылы канадалық әнші Шон Мендес дүниеге келді.

8 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011948 жылы кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дінмұхамед Әкімов дүниеге келді;
  • 021961 жылы шахматшы, гроссмейстер әрі КСРО-ның спорт шебері Серікбай Темірбаев дүниеге келді;
  • 031980 жылы спорт шебері, Қазақстанның теннистен абсолюттік чемпионы Алексей Кердюк дүниеге келді.