8 шілдеде Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні аталып өтеді. Бұл атаулы күн Дүниежүзілік аллергия ұйымы мен Дүниежүзілік иммунопатология ұйымының шешімімен 2005 жылы құрылды. Мерекенің мақсаты – жұртшылыққа ауру белгілерін хабардар ету, тұрақты түрде тексерістен өтуді насихаттау. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін АҚШ-та Ұлттық бадам қосылған шоколад күні мерекеленеді (National Chocolate With Almonds Day). Айта кетейік, шоколадқа қосылған бадам секілді тәттілер сонау XVIII ғасырдан белгілі. 1742 жылы Уильям Паркс Элиз Смиттің The Compleat Housewife, or Accomplish'd Gentlewoman's Companion деп аталатын аспаздық кітабын жариялады. Сол кездегі байлар шоколадты жиі тұтынғанына қарамастан, бұл кітапта шоколад пайдаланылған жалғыз рецепт болды, ол – шоколадқа қосылған бадам. Қазір бадам шоколад қосылған түрлі кондитерлік өнімдерді – айталық, шоколад плиткасы, бадам қосылған батончик, түрлі кәмпиттер, печенье, бәліштер мен торттарды дайындауда қолданылады.

Ресейде бүгін Бүкілресейлік отбасы, махаббат және адалдық күні аталып өтеді. Бұл күн Ресейдің еске алу даталары реестріне қасиетті Петр мен Февронияны еске алу ретінде енгізілген. Орыс православие шіркеуі бұл екі қасиетті адамды отбасы және отбасылық қарым-қатынастардың көктегі жебеушісі деп санайды. Ресей тарихындағы осы екі кейіпкердің некесі христиандардың бір-біріне деген құрметінің эталонына айналған. Отбасы, махаббат және адалдық күні Ресейде 2008 жылдан мерекелене бастады. Мұндай шешімді Мемлекеттік дума қабылдады және бастаманы әр түрлі наным өкілдері қолдады. Бұл мерекеде жастар да, отбасылық өмірге қадам басқалы тұрған жұптар да бірін-бірі құттықтайды. Аға буын жастарға өмірдегі ең басты құндылық – отбасыны сақтап қалу өнерін үйретеді.

8 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1796 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті АҚШ азаматының алғашқы паспортын берді; 1777 жылы Вермонт құлдықты жойған алғашқы штат болды; 1889 жылы The Wall Street Journal газетінің алғашқы саны шықты; 1901 жылы Францияның қалаларында автокөлік қозғалысы жылдамдығы шектелді – 10 км/сағ.

8 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы қазақстандық кинематография тарихында алғаш рет "Территория жизни" сериалының ресми тұсаукесер рәсімі өтті. Сериалды "Мастерс медиа" тәуелсіз телевизиялық продюсерлік орталығы экшн жанрында түсірді, сериал 30 минуттық 8 бөлімнен тұрды; 2005 жылы Астанада Қазақстан сыртқы істер министрлігінде "ХХІ ғасыр: Әлем саясаткерлері Н.Назарбаев туралы" кітабының тұсаукесері өтті; 2014 жылы "Астана Моторс" компаниясы "Hyundai" маркалы жеңіл автокөліктерді Қазақстанда жинауды бастады.

8 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1938 жылы кеңес, Ресей театр және кино актері Андрей Мягков дүниеге келді. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977). "Советский экран" журналының сауалнамасы бойынша 1976 жылғы ("Ирония судьбы, или с легким паром!" фильмі үшін) және 1978 жылғы ("Служебный роман" фильмі үшін) үздік актер атанған; 1951 жылы америкалық кинорежиссер Анджелика Хьюстон дүниеге келді ("Семейка Аддамс", "Честь семьи Прицци" фильмдері). Мэйроуз Прицци рөлі үшін "Оскар" жүлдесін алды; 1974 жылы Ресей эстрада әншісі, тележүргізуші, киноактриса Жанна Фриске дүниеге келді. "Блестящие" тобының бұрынғы солисі (1996-2003). 2003 жылы жеке карьерасын бастады.

8 шілдеде Қазақстанда кім туды

1899 жылы қазақстандық патологоанатом, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Петр Очкур дүниеге келді; 1939 жылы актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ошат Рахымов дүниеге келді; 1950 жылы мемлекет қайраткері Икрам Адырбеков дүниеге келді. Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан парламенті сенатының депутаты болған; 1958 жылы ҚазҰУ ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев дүниеге келді; 1978 жылы Қызылорда қаласының экс-әкімі Асылбек Шаменов дүниеге келді; 1980 жылы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков дүниеге келді; 1987 жылы президент әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова дүниеге келді.