Бүгін, 8 қыркүйекте, әлем халықаралық сауаттылық күнін атап өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауатты болу – үлкен артықшылық, өйткені сапалы білімсіз инновациялық технологиялар мен қоғам жетістіктері мүмкін емес. Сондықтан бұл күн адамзат үшін маңызды мерекелер қатарына қосылған.

Сонымен қатар, бүгін әлем жұрты халықаралық журналистердің ниеттестігі күнін атап өтеді. Бұл мереке 1958 жылы Бухаресте өткен IV журналистердің халықаралық ұйымы конгресінде белгіленген. Конгресс депутаттарының пайымдауынша, бұл күні әлем журналистері өздерінің бірлікте екендерін танытулары тиіс, әсіресе өз құқықтарын қорғау мәселесінде. Аталған күннің белгіленуіне 1943 жылы 8 қыркүйекте Германияда болған қайғылы оқиға себеп болды: сол күні чехословакиялық журналист, жазушы-антифашист Юлиус Фучик өлім жазасына кесілді.

Бүгін кешке отбасы мүшелерімен мерекелік дастархан жаятын күн. Жақындарыңызбен, достарыңызбен, мысығыңызбен немесе күшігіңізбен отырсаңыз да, бұл уақытты кіммен бірге өткізетініңіз маңызды емес. Ең бастысы – бүгін асүйде отырып бір аптаға күш жинау, жақсылап тамақтану.

8 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011636 жылы АҚШ-та Гарвард университеті құрылды;
  • 021923 жылы зағип жандардың бүкілресейлік қоғамы құрылды;
  • 031930 жылы скотч жабыстырғыш лентасы сатылымға шықты;
  • 041941 жылы Ленинградты қоршау әскери операциясы басталды;
  • 051952 жылы Эрнест Хемингуэйдің "Шал мен теңіз" атты повесі алғаш рет басылып шықты.

8 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011824 жылы Қарағанды облысының ең көне қаласы Қарқаралы құрылды;
  • 022007 жылы Жиренкоп Хобдинский поселкесінде Қобыланды батыр мемориалдық кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті;
  • 031934 жылы "Теміржолшы" және "Железнодорожник Казахстана" газеттерінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты;
  • 041993 жылы Алматыда Қожа Ахмет Ясауидің "Ақыл кітабы" ("Диуани хикмет") қазақ тілінде жарыққа шықты;
  • 051994 жылы республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан даму банкі құрылды;
  • 062000 жылы Алматыда Қазақстанның тұңғыш президентінің 60 жылдық мерейтойына арналған "Болашаққа сеніммен" атты фотоальбомның тұсаукесер рәсімі өтті;
  • 072004 жылы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Австрия қарым-қатынасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Австрияның бұрынғы канцлері Франц Враницкийді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды;
  • 082005 жылы Астанада үкіметтік емес ұйымдар ұлттық ақпараттық қор орталығының және оның ресми сайтының таныстырылымы өтті;
  • 092009 жылы Алматы мен Астана қалаларында "Үндістан мәдениеті мен асханасы" атты фестиваль өтті;
  • 102012 жылы қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова Бельгияның Брюссель қаласында өткен "Гауһар лигасында" жеңіске жетті;
  • 112015 жылы "Қазпошта" АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды.

8 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар

  • 011157 жылы Англия Королі (1189-1199 жж.) Арыстан Жүрек Ричард І дүниеге келді;
  • 021812 жылы Петербургтың бірінші сұлуы, А. Пушкиннің әйелі Наталья Гончарова дүниеге келді;
  • 031919 жылы кеңес кезіндегі театр мен кино актрисасы Людмила Целиковская туды ("Иван Грозный", "Антон Иванович сердится", "Сердца четырех");
  • 041971 жылы "Шерлок Холмс" ағылшын телехикаясында дәрігер Ватсонның, "Хоббит" фильмінде Бильбо Бэггинстің рөлін сомдаған британ актер Мартин Фримен дүниеге келді.

8 қыркүйекте Қазақстанда кімдер өмірге келді

  • 011936 жылы тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Хисмет Табылдиев дүниеге келді;
  • 021936 жылы әскери және саяси қайраткер, отставкадағы генерал-майор, журналист, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Мұрат Қалматаев дүниеге келді;
  • 031951 жылы Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагин туды;
  • 041962 жылы парламент сенатының экс-депутаты Серік Нөгербеков дүниеге келді;
  • 051966 жылы белгілі журналист Лев Тараков туған;
  • 061967 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев дүниеге келді;
  • 071970 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі Дәурен Дияров дүниеге келді;
  • 081923 жылы белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатов дүниеге келді.