8 қазанда әлемде және Қазақстанда бірқатар мереке мен тарихи оқиға атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 8 қазанда, жаман көңіл-күйден арылу күні атап өтіледі. Ғалымдар жағымды ойлардың адамды бақыт сезіміне бөлейтінін дәлелдеді.
АҚШ-та бүгін Колумб күні тойланады. Алғаш рет Американы ашу мерекесі 1792 жылы атап өтілді. Бұл күні Колумбтың америкалық континентке аяқ басқанына үш жүз жыл толған еді. Атаулы оқиғаға орай теңізшінің құрметіне Балтимор қаласында (Мериленд штаты) ескерткіш орнатылды, ал округ Колумбия деп аталды. Жүз жылдан кейін 1892 жылы Америка тұрғындары бұл оқиғаның төрт жүз жылдығын тойлап жатқан кезде Нью-Йорк қаласында Колумбқа ескерткіш қойылды. Ал президент Бенджамин Гаррисон америкалықтарды ел тарихындағы осынау атаулы және маңызды күнді атап өтуге үндеді.
Ресейде бүгін кеме (су үсті, су асты және әуе) командирі күні атап өтіледі.
8 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011818 жылы Англияда алғаш рет жекпе-жекте боксшы қолғабы пайдаланылды;
- 021896 жылы алғаш рет Доу-Джон өнеркәсіп индексі жарияланды;
- 031926 жылы радиодан әлемдегі тұңғыш футбол репортажы шықты.
8 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1860 жылы Верный қаласында алғашқы пошта бөлімшесі ашылды, ол Жасыл базар ауданындағы тар бөлмеде орналасқан. Сол заманда өмір сүрген адамдардың айтуынша, бір терезеге сәлем-сауқат немесе хат өткізу үшін үш сағат күту керек, одан кейін марка алу үшін тағы сонша уақыт қажет болған.
1930 жылы KAZGOR жобалық академиясы құрылды, Алматы және Қазақстанның облыстық қалаларындағы, сонымен бірге Ресей және ТМД-ның басқа елдері қалаларындағы бірегей ғимараттардың авторы.
2009 жылы Астанада Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.
2011 жылы Алматыда Жүсіпбек Елебековтің құрметіне ескерткіш ашылды.
8 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011871 жылы орыстың кәсіби палуаны, РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген спорт шебері Иван Поддубный дүниеге келді;
- 021892 жылы орыс ақыны, прозашы, аудармашы Марина Цветаева дүниеге келді;
- 031907 жылы кеңес ұшқышы, КСРО батыры Полина Осипенко дүниеге келді;
- 041936 жылы кеңес одағының театр және кино актері Леонид Куравлев өмірге келді;
- 051936 жылы мексикалық театр және кино актері, дубляж шебері Рохелио Герра дүниеге келді. Ол көпшілікке белгілі "Байлар да жылайды" телехикаясында Луис Альберттің рөлін ойнайды.
8 қазанда Қазақстанда кім туды
- 011911 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сергей Калинин дүниеге келді;
- 021924 жылы ғалым, тарих ғылымының кандидаты Базарбек Өсербайұлы дүниеге келді;
- 031924 жылы қазақтың ақыны Гүлсім Сейілжанова дүниеге келді;
- 041931 жылы техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Құрманғалиев дүниеге келді;
- 051936 жылы жазушы Шабдарбай Қатжанұлы дүниеге келді;
- 061940 жылы актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Жібек Бағысова дүниеге келді;
- 071950 жылы ақын, журналист, аудармашы Өтепберген Ақыпбекұлы дүниеге келді.
