Бүгін, 8 қарашада әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен есте қаларлық оқиға бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелер
8 қараша — Халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН) күні. Алғашқы ойын 1961 жылы 8 қарашада тікелей эфирде өтті, мәскеулік институттардың студенттерінен құралған командалар өзара сынға түсті. Ойынның алғашқы жүргізушілері Александр Белявский, Наталья Фатеева сынды танымал актерлер болды. Ал Александр Масляков КВН-ға 1964 жылы келді.
Қазақстанда бұл күн Статистика күні ретінде атап өтіледі. 1920 жылдың 8 қарашасында Қазақ ССР-інде статистика қызметі құрылып, елдегі статистика саласының қалыптасуы үшін маңызды кезеңге айналды.
Қытайда 8 қараша — Журналист күні. Алғаш рет бұл мейрам 2004 жылы Пекиндегі халық жиналыстары үйінде тойланды. Содан бері қытай папарацциясы 8 қарашаны өзінің жыл сайынғы дәстүрлі мерекесі ретінде атап өтеді. Бұл күні кездесулер өтіп, ақпарат және пікір алмасулар болып, жергілікті тілшілер үшін салтанатты кешпен аяқталады.
Сондай-ақ, 8 қарашада Халықаралық пианист күні аталып өтеді. Фортепианоны жасаушы итальяндық шебер Бартоломео Кристофори болып саналады. Фортепиано жасау арқылы әлемде көптеген данышпан пианистер пайда болды. Олардың шығармалары ғасырлар бойы өмір сүріп, тыңдармандарын қуантып келеді.
Әлемдегі тарихи оқиғалар
- 011793 жылы Парижде ұлттық көркемдік музей ретінде Лувр ашылды.
- 021895 жылы «рентгендік» сәулелену ашылды.
- 031903 жылы Голландияда электрокардиограф ойлап шығарылды.
Қазақстандағы тарихи оқиғалар
- 011994 жылы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына байланысты оқу орнының бас ғимараты алдына Әл-Фараби ескерткіші қойылды.
- 021997 жылы Алматыда президенттің резиденциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен президенттің байрағын Ақмолаға салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
- 032000 жылы Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері ұйымдастырылды.
- 042004 жылы қазақстандық делегация Лондондағы халықаралық «World Travel Market» — WTM-2004 туристік көрмесіне қатысты.
8 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011900 жылы америкалық жазушы Маргарет Митчелл дүниеге келді.
- 021923 жылы америкалық инженер, Нобель сыйлығының лауреаты Джек Килби дүниеге келді.
- 031935 жылы француз киноактері, режиссер, продюсер, 1960—1980 жылдардағы секс-символ Ален Делон өмірге келді.
- 041951 жылы кеңес және ресейлік музыкант, композитор, продюсер, режиссер, суретші, педагог Стас Намин дүниеге келді.
Қазақстанда 8 қарашада туған тұлғалар
- 011898 жылы Алаш қозғалысының қайраткері, әдебиет сыншысы, абайтанушы Ыдырыс Мұстанбаев дүниеге келді.
- 021925 жылы Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Жоғары мектебінің үздігі Мүштай Батырбеков өмірге келді.
- 031928 жылы жазушы Көбей Сейдехан өмірге келді.
- 041940 жылы жазушы, Қытайдың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Үздік дарын» сыйлығының лауреаты Тұрсынәлі Рыскелдиев дүниеге келді.
- 051949 жылы Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері Анатолий Пепенин өмірге келді.
