Бүгін, 7 тамызда, әлемде бірнеше мереке аталып өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін қандай мерекелер
**Кот-д'Ивуардың Тәуелсіздік күні**
Кот-д'Ивуар Республикасы бүгін ұлттық мерекесін – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Ел XIX ғасырдың соңында Францияның отарына айналған еді. Азаттық қозғалысын Феликс Уфуэ-Буаньи басқарды. 1946 жылы Кот-д'Ивуар Францияның теңіздің ар жағындағы аумағы мәртебесін алды. Феликс француз парламентінің жұмысына қатысып, 1957 жылдан бастап Франция министрлер кабинетінің мүшесі болды. 1958 жылы референдумда халық елдің Франция қауымдастығына кіруін қолдады. 1960 жылы 7 тамызда тәуелсіздік жарияланды. Тұңғыш президент қызметін 1993 жылға дейін Феликс Уфуэ-Буаньи атқарды.
**Кирибатидегі Жастар күні**
Тынық мұхитындағы Кирибати Республикасының халқы бүгін Жастар күнін мерекелейді. Мерекенің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл күні футбол, волейбол, бокс, теннис, баскетбол, күрестен спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Мереке салтанатты шерумен ашылып, жастар клубтары мен христиандық жастар топтары арасындағы спорттық сайыстарға жалғасады. Жарысқа қатыспайтындар ән айтып, би билеп, көңіл көтереді.
**Бойдақтар күні**
Бүгін – Бойдақтар күні. Бұл мереке алғаш рет Қытайда 1990 жылдардың соңында пайда болған. Кейін бұл датаны Еуропа елдері де атап өте бастады. Бүгін отбасын құрмаған қыз-жігіттер достарымен кездесіп, уақытты көңілді өткізе алады.
7 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011782 жылы АҚШ Конгресі елдің мемлекеттік елтаңбасы – Ұлы мөрді (Great Seal of the United States) ресми түрде бекітті.
- 021840 жылы Англияда балаларды мұржа тазалаушы ретінде пайдалануға тыйым салынды.
- 031858 жылы ағылшын патшайымы Виктория Оттаваны Канаданың астанасы ретінде таңдады.
- 041942 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гуадалканал шайқасы басталды.
- 051970 жылы әлемде алғаш рет компьютерлік шахмат турнирі өткізілді.
- 061998 жылы АҚШ-тың Кения мен Танзаниядағы елшіліктерінде теракт жасалды. Салдарынан 250-ге жуық адам қаза болып, 4 мыңнан астамы жараланды.
- 071993 жылы Лондонда алғаш рет Букингем сарайының бір бөлігі туристер үшін ашылды.
- 082020 жылы Үндістанның Air India Express ұшағы Кожикоде әуежайына қону кезінде апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты.
7 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011740 жылы Жәнібек батыр бастаған қазақ билерінің тобы Орынбор комиссиясының басшысы князь Василий Урусовпен кездесіп, сауда байланыстары мен керуен жолдарының қауіпсіздігін талқылады.
- 021929 жылы КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен араб жазуын қолданған халықтардың жаңа латын әліпбиіне көшуі ресми түрде бекітілді. Қазақстанда да осы кезеңде латын графикасына көшу басталды.
- 031958 жылы КОКП ОК-ның Маңғыстау түбегін игеру туралы қаулысы қабылданды.
- 041992 жылы Степногорск қаласында өндірілген алғашқы екі құйма валюталық алтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қоймасына тапсырылды.
- 051998 жылы Анкарада Абай паркі салтанатты түрде ашылды.
- 062006 жылы Батыс Қазақстаннан б.з.д VI-V ғасырларға тиесілі бірегей археологиялық құндылықтар табылды.
- 072017 жылы Торайғыр көлінің жағалауынан біздің заманымызға дейінгі VIII-VI ғасырларға тән обалар табылды.
7 тамызда туған танымал тұлғалар
- 011904 жылы америкалық дипломат, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Ральф Банч дүниеге келді.
- 021925 жылы кеңестік театр және кино әртісі Борис Рунге дүниеге келді. Польшаның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1976), РКФСР Халық әртісі (1985).
- 031960 жылы америкалық актер, сценарист, продюсер, режиссер, жазушы және музыкант Дэвид Духовны туды.
- 041966 жылы Википедияның негізін қалаған Джимми Уэйлс дүниеге келді.
- 051975 жылы оңтүстікафрикалық және америкалық актриса, "Оскар" сыйлығының лауреаты Шарлиз Терон дүниеге келді.
- 061978 жылы ресейлік рок-әнші, музыкант, бірқатар әннің авторы Юлия Чичерина өмірге келді.
7 тамызда Қазақстанда кімдер туды
- 011946 жылы киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов дүниеге келді.
- 021966 жылы қоғам қайраткері, бұрынғы мәжіліс депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеухан өмірге келді.
- 031980 жылы музыкант, виолончелист, халықаралық конкурстардың лауреаты Ермек Құрманаев туды.
- 041995 жылы футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов дүниеге келді.
- 051995 жылы шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Никиша дүниеге келді.
- 061996 жылы футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский дүниеге келді.
