Бүгін, 7 қыркүйекте әлемде бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Соғыс ойыншықтарын жою күні
Бүгін – Соғыс ойыншықтарын жою күні. Бұл бастаманы өткен ғасырдың 80-ші жылдарында «Әлемдегі ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларды қорғау» ұйымы көтерген. Бірқатар елде бұл мереке 1988 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл күні соғыс ойыншықтарын тәтті мен жұмсақ ойыншықтарға ауыстыру игі дәстүрге айналған.
Дүниежүзілік барабаншылар күні
7 қыркүйекте Дүниежүзілік барабаншылар күні де атап өтіледі. Бұл мереке 1896 жылы ресми мәртебеге ие болды. Сол жылы алғашқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Швейцария құрамасы әскери барабаншылар ансамблінің сүйемелдеуімен стадионға шыққан. 2019 жылғы 26 мамырда Санкт-Петербургте қала күніне орай 1300 барабаншы 556 барабанда крещендо орындап, Гиннестің рекордтар кітабына енген жаңа рекорд орнатқан.
Халықаралық ашық аспан және таза ауа күні
Бүгін сондай-ақ Халықаралық ашық аспан және таза ауа күні атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен бекітілген бұл мереке қоғамның назарын ауаның ластануы мәселесіне аударуды көздейді.
Бразилиядағы ұлттық мереке
Ал Бразилияда бүгін ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күні.
7 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011763 жылы Англия королі ІІІ Георг Канадаға қоныстануға шақырған үндеу жариялады.
- 021812 жылы 19-шы ғасырдың басындағы ең қанды қырғынның бірі Бородино шайқасы болды.
- 031822 жылы Бразилия Португалиядан тәуелсіздігін жариялады.
- 041918 жылы Ресей телеграф агенттігі құрылды.
- 051939 жылы Германияда «халықтың қорғаныс қуатына қауіп төндіргені үшін» өлім жазасы енгізілді.
7 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011932 жылы Қазақстанда тұңғыш рет көп басылымда газет пен журнал шығаратын арнайы мамандандырылған «Дәуір» баспасы құрылды.
- 021991 жылы Қазақстанның социалистік партиясы құрылды (кейін Қазақстанның коммунистік партиясы болып өзгертілді).
- 032004 жылы Астанада синагоганың ашылу рәсімі өтті.
- 042013 жылы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарымен келді. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің құрылтай отырысы барысында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры пайдалануға берілді.
7 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар
- 011894 жылы француз ақыны Поль Элюардың, кейіннен әйгілі суретші Сальвадор Далидің әйелі болған Гала Дали дүниеге келді.
- 021923 жылы орыс ақыны Эдуард Асадов туды.
- 031930 жылы америкалық джаз саксофоншысы, композитор Сонни Роллинз дүниеге келді.
- 041936 жылы америкалық әнші, ән авторы, рок-н-роллдың ізашары Бадди Холли дүниеге келді.
7 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
- 011841 жылы халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы дүниеге келді.
- 021919 жылы күйші-домбырашы, Қазақ КСР халық әртісі Рүстембек Омаров туды.
- 031933 жылы допты хоккейден спорт шебері, КСРО чемпионатының 4 мәрте қола, 5 мәрте күміс жүлдегері және чемпионы Қазбек Байболов дүниеге келді.
- 041946 жылы журналист, жазушы Валерий Михайлов өмірге келді.
- 051948 жылы көрнекті қазақстандық хирург, ангиохирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Уәлихан Жақыпов дүниеге келді.
