Бүгін, 7 қарашада әлемде және Қазақстанда бірқатар мерекелер мен есте қаларлық оқиғалар бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдегі мереке

Бүгін Ресейде Октябрь революциясы күні атап өтіледі. Бұл күні Мәскеудегі Қызыл алаңда, сонымен қатар КСРО-ның облыстық және өңірлік орталықтарында еңбекші халықтың шеруі мен әскери парадтар өтетін. Соңғы әскери парад Қызыл алаңда 1990 жылы ұйымдастырылды.

Айықтырғыштың туған күні

Сондай-ақ бүгін Айықтырғыштың туған күні. Патшалық Ресейде 1902 жылы бұл күні дәрігер Федор Архангельскийдің бастамасымен алғашқы айықтырғыш ашылған болатын. Оны "мас болғандардың панасы" деп атады. Оның ашылуында дәрігер қоғам мен билікті маскүнемдікпен күресуге шақырды. 2012 жылы Ресейде соңғы айықтырғыштар жабылды, бірақ мереке қалған.

Қырғызстандағы ақпарат және баспасөз күні

Бүгін Қырғызстанда ақпарат және баспасөз күні. 1924 жылы 7 қарашада "Эркин-тоо" ұлттық газетінің бірінші саны жарық көрген, осы датаға орай Қырғыз үкіметінің 1993 жылғы 1 қарашадағы қаулысымен кәсіби мейрам болып бекітілді.

7 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011949 жылы әлемдегі ежелгі мұнай тұғырнамасы "Мұнай тастарында" тұңғыш мұнай өндірілді;
  • 021990 жылы темір ұстасы Александр Шмонов мерекелік шеруде Михаил Горбачевқа оқ атты;
  • 032007 жылы Финляндияның Йокела қаласында 18 жастағы оқушы сыныптасын, мектеп медбикесі мен лицей директорын атып өлтірді.

7 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011931 жылы Қарағандыда алғашқы радиобағдарламалар шыға бастады;
  • 021934 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Қыз Жібек" опералық шығармасының алғашқы қойылымы өтті;
  • 031963 жылы Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжановтың ұйымдастыруымен Мәскеу жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ жастарының "Жас тұлпар" мәдени-ағарту ұйымы ашылды.

7 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар

  • 011867 жылы атақты француз физигі және химигі, Нобель сыйлығының екі мәрте лауреаты Мария Склодовская-Кюри дүниеге келді;
  • 021879 жылы кеңестік партия және мемлекеттік қайраткері Лев Троцкий өмірге келді. Шын фамилиясы - Бронштейн. 1917 жылғы Октябрь революциясын ұйымдастырушылардың бірі;
  • 031913 жылы француз жазушысы және философы, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Камю дүниеге келді;
  • 041945 жылы кеңес және ресейлік диктор және тележүргізуші Евгений Кочергин дүниеге келді.

7 қарашада Қазақстанда кім туды

  • 011923 жылы профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі Гарай Сағымбаев дүниеге келді;
  • 021935 жылы Қазақстан Республикасының бас онкологы болған, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаңалық Әбдірахманов дүниеге келді;
  • 031939 жылы ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Оздоев дүниеге келді;
  • 041955 жылы генерал-майор, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері Владимир Жұмақанов дүниеге келді;
  • 051944 жылы Қазақстанның спорт шебері, самбодан Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жаһит дүниеге келді.