6 шілдеде елімізде Елорда күні тойланады. Бұл – ҚР-ның 2008 жылғы 25 маусымдағы заңымен бекітілген мемлекеттік мереке. Мейрамның тарихи-мәдени мән-мағынасы зор. Қала 1830-1961 жылдары Акмолинск деп аталған. Ал 1961-1992 жылдары Целиноград, 1992-1998 жылдары Ақмола болды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола атауын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Елорда күні елдің барша өңірінде аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

6 шілдеде Ресейде Достоевский күні. Орыс әдебиетін бұл жазушының шығармашылығынсыз елестету мүмкін емес. Достоевскийдің ғұмыры сан түрлі шиеленісті кезеңдерге толы болған. Оқырман мұны жазушының туындыларынан да түсіне алады. Мереке күні жазушының музейіне экскурсиялар ұйымдастырылып, ескерткішіне гүл шоғы қойылады.

Сондай-ақ, бүгін Бүкіләлемдік сүйісу күні. Мерекені алғаш рет Ұлыбританияда ойлап тапты. Біріккен ұлттар ұйымы мейрамды ресми түрде бекітті. Бұл – жастықтың, сұлулық пен көтеріңкі көңіл-күйдің мерекесі.

6 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011785 жылы доллар АҚШ-тың ұлттық валютасы болды;
  • 021928 жылы Нью-Йоркте толықтай дыбысталған әлемдегі тұңғыш киносеанс өтті;
  • 031954 жылы Элвис Пресли өзінің алғашқы пластинасын жазды;
  • 041994 жылы АҚШ экрандарына "Форрест Гамп" фильмі шықты.

6 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011994 жылы ҚР жоғарғы кеңесі тұңғыш президенттің ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру жөніндегі ұсынысын мақұлдау жөнінде қаулы қабылдады. Арада төрт жыл өткеннен кейін астанасының тұсаукесері болды;
  • 022000 жылы астанада Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры ашылды;
  • 032001 жылы елордада Еуразия ұлттық университетінің жанындағы "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығы құрылды;
  • 042005 жылы елордадағы "Синема Сити" кинотеатрында қазақ кинопрокаты тарихындағы ең ірі жоба "Көшпенділер" фильмінің тұсаукесері болды. Қазақстанның "Ғасыр жобасы" аталған кинотуындыға 34 миллион АҚШ доллары жұмсалды;
  • 052009 жылы Құмкөл даласында "Торғай Петролеум" мұнай компаниясының күшімен сұйытылған газ дайындайтын зауыт іске қосылды;
  • 062012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев астанада жаңа "Әзірет Сұлтан" мешітін ашты;
  • 072015 жылы астана күніне арналып дайындалған салмағы 700 келіден асатын бесбармақ Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

6 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011946 жылы америкалық актер, сценарист және режиссер Сильвестр Сталлоне дүниеге келді (фильмдері: "Рокки", "Рэмбо", "Неудержимые" және т.б.);
  • 021951 жылы автралиялық театр және кино актері, "Оскар" жүлдесінің иегері Джеффри Раш дүниеге келді;
  • 031975 жылы америкалық рэпер, актер, продюсер Кертис Джексон (50 cent) дүниеге келді;
  • 041980 жылы француз актрисасы, модель Ева Грин дүниеге келді.

6 шілдеде Қазақстанда кім туды

1940 жылы мемлекет қайраткері, ҚР тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келді. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, РФ әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры, Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 30 жыл бойы Қазақстанды басқарды. 2019 жылдың 20 наурызында президенттік өкілеттігін тоқтатты.