6 қыркүйекте Қазақстанда және әлемде бірнеше мереке аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандағы мерекелер
Қыркүйектің бірінші жексенбісінде жыл сайын Қазақстанда Мұнай және газ кешені қызметкерлерінің күні аталып өтеді.
Әлемдегі мерекелер
Бүгін әлемде ерекше әрі қызықты мерекелер тойланады. Соның бірі — бөгде планеталықтардың адамзатты ұрлау күні. Әзілге құрылған бұл атау кейде адамды "бізбен бірге өзге өркениет өкілдері өмір сүріп жатқан жоқ па?" деген ойға жетелейді.
Адамзаттың ғарыштан өзге өркениеттермен байланыс орнатуға деген қызығушылығы да аз емес. Тіпті Марстан тыс кез келген өркениетпен алғаш болып байланыс орнатқан адамға арнайы жүлде тағайындалған. Ал бөгде планеталықтарға жолданған алғашқы радиоүндеулердің бірінде небәрі үш сөз болған: "Бейбітшілік."
Бүгін әлем халқы Жер үстінде ұшу күнін атап өтеді. Ал Чили жұрты Ұлттық бірлік күнін мерекелесе, Пәкістанда — Қорғаныс күні, Болгарияда бірігу күні аталып өтеді.
6 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011819 жылы АҚШ-та жонғыш білдек патенттелді;
- 021901 жылы АҚШ президенті Уильям Мак-Кинлиге қастандық жасалып, ол ауыр жараланды;
- 031909 жылы америкалық зерттеуші Роберт Пири Солтүстік полюске жеткенін жариялады;
- 041914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Марнадағы бірінші шайқас басталды;
- 051936 жылы КСРО-да "Халық әртісі" құрметті атағы бекітілді;
- 061952 жылы Женевада Авторлық құқық туралы бүкіләлемдік конвенцияға қол қойылды;
- 071968 жылы Свазиленд Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды;
- 081991 жылы Ленинградтың атауы Санкт-Петербор болып өзгертілді;
- 091991 жылы Кеңес Одағы Литва, Латвия және Эстонияның тәуелсіздігін мойындады;
- 101997 жылы Ұлыбританияда Диана ханшайымның жерлеу рәсімі өтті;
- 112013 жылы NASA-ның LADEE ғарыш аппараты Айды зерттеу үшін ғарышқа ұшырылды;
- 122022 жылы Лиз Трасс Ұлыбритания премьер-министрі қызметіне кірісті.
6 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011925 жылы "Таң" журналында Әлихан Бөкейханов жасаған "Қобыланды" жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі жарияланды;
- 021927 жылы Оралда әйгілі өнер зерттеушісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевич ұйымдастырған алғашқы қазақ музыкасының кеші болып өтті;
- 031985 жылы Екібастұз қаласында орналасқан "Богатырь" көмір разрезі әлемдегі ең ірі разрез ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді;
- 041991 жылы Қазақстан Компартиясы таратылды;
- 051995 жылы Президент резиденциясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ресми таныстыру рәсімі өтті;
- 061997 жылы алғаш рет қазақша күрестен әлем чемпионаты өтті;
- 072006 жылы Мәскеудегі "Пушкин" кинотеатрында қазақстандық "Көшпенділер" фильмінің премьерасы өтті;
- 082010 жылы Семей қаласында Алаш қозғалысының соңғы өкілдерінің бірі, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановқа ескерткіш орнатылды.
Әлемде 6 қыркүйекте туған танымал тұлғалар
- 011860 жылы америкалық қоғам белсендісі, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Джейн Аддамс дүниеге келді;
- 021886 жылы театр және кино әртісі, Сталин жүлдесінің төрт дүркін лауреаты ("Великий перелом", "Повесть о настоящем человеке", "Возвращение Максима") Александр Зражевский дүниеге келді;
- 031888 жылы америкалық кәсіпкер және дипломат, АҚШ президенті Джон Кеннедидің әкесі Джозеф Кеннеди дүниеге келді;
- 041908 жылы британиялық физик, атом және кварц сағаттарының негізін қалаған Льюис Эссен туды;
- 051947 жылы америкалық актриса және комик Джейн Кертин дүниеге келді;
- 061973 жылы ресейлік әнші, музыкант, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатунов туды;
- 071976 жылы британдық актриса Наоми Харрис дүниеге келді;
- 081983 жылы британдық қоғам қайраткері Пиппа Миддлтон дүниеге келді.
6 қыркүйек күні Қазақстанда кімдер туды?
- 011935 жылы ақын Мәжіліс Өтежанов дүниеге келді;
- 021951 жылы домбырашы, күйші, Қазақстаннның халық әртісі Тұяқберді Шәмелов өмірге келді;
- 031964 жылы әнші Нұрлан Абдуллин туды.
