6 қазанда әлемде және Қазақстанда бірқатар мереке мен тарихи оқиға атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні

Бүгін қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл халықаралық мерекенің басты мақсаты — адамзаттың назарын Жер фаунасын сақтауға қатысты проблемаларға аудару. Бұл мереке күнтізбеге 1979 жылы Берн конвенциясы аясында енгізілді.

Адам өзінің жасағандарымен табиғатқа көптен бері кері әсерін тигізіп келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің дәуіріміздегі 19 ғасырда жер бетінен сүтқоректілердің 150 түрі, құстардың 139 түрі жоғалды.

Бұл күні көптеген табиғатты қорғау үшін құрылған ұйымдар түрлі науқан ұйымдастырады. Мысалы, дүниежүзілік табиғатты қорғау одағы мен "Гринпис" деп аталатын экологиялық ұйым.

Ессіз қалпақшы күні

Бүгін күнтізбеден қызықты әрі бірегей мереке табылды. Ол — ессіз қалпақшы күні (немесе Болванщик күні, бұл кейіпкердің туындысы "Алиса таңғажайыптар әлемінде" кітабының классикалық аудармасы болып саналады).

Аталған мереке 1 сәуір — күлкі күнінен кейінгі орында тұрады. Алғаш рет оны бағдарламашылар 1986 жылы 6 қазан күні Колорадо штаты, Боулдер қаласында атап өткен-ді.

Егер Джон Тенниелдің иллюстрациясына қарайтын болсаңыз, қалпақшының бас киіміне 10/6 деген жазуы бар қағаз жабыстырылған. Десе де бұл цифрдың нені білдіретіні белгісіз. Бәлкім оның бағасы 10 шиллинг және 6 пенс болған шығар? Немесе биіктігі — 10 дюйм, ал диаметрі — 6 дюйм. Қалай десек те оны бір кездері осы күні атап өту ұйғарылған екен.

6 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011889 жылы Парижде "Мулен Руж" атты классикалық кабаре ашылды;
  • 021959 жылы Израилде Таяу Шығыстағы алғашқы метрополитен "Кармелит" ашылды;
  • 031977 жылы көп мақсатты кеңес жойғыш ұшағы МиГ-29 бірінші рет ұшты;
  • 042010 жылы сурет пен видео алмасуға арналған Instagram желісі іске қосылды.

6 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011992 жылы Алматыда Азиялық тәуелсіз және плюралистік ақпарат құралдарын дамытуға ықпал ету жөніндегі ЮНЕСКО семинары өз жұмысын бастады;
  • 022004 жылы Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссия қорытындысымен Қарағанды облыстық мәслихаты Жаңаарқа, Осакаров және Шет аудандары елді мекендерінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады;
  • 032005 жылы Қазақстан Республикасы аумағында жазушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасы айналымға енгізілді;
  • 042011 жылы АЛЖИР-де тұтқында болған литвалық әйелдерге арналған ескерткіш тақта ашылды.

6 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011907 жылы кеңес театр мен кино актрисасы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Вера Кузнецова дүниеге келді (Фильмдері "Үлкен отбасы", "Кемпір мен шал өмір сүрген");
  • 021934 жылы кеңес кино актері Эдуард Бредун туды;
  • 031946 жылы кеңес кино мен театр актрисасы Екатерина Градова туды. "Көктемнің он жеті сәті" атты фильмде радист Кэттің рөлін сомдаған;
  • 041951 жылы кеңес кино мен театр актрисасы Ирина Шевчук туған. Актриса "Бұл жерде таң тыныш" фильміндегі Рита Осянинаның рөлімен танымал. Сондай-ақ, ол "Ақ Бим, қара құлақ", "Әйел туралы повесть" фильмдерінде ойнаған.

6 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

  • 011923 жылы қазақ елінің тұңғыш кәсіби биші-балетмейстері, Қазақстанның халық әртісі Дәурен Әбіров дүниеге келді.
  • 021957 жылы Рудный индустриалдық институтының ректоры болған, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдірахман Найзабеков дүние есігін ашты.