6 қарашада әлем халқы саксофон туған күнін атап өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы күні саксофонды жасап шығарған Адольф Сакс дүниеге келген. Көптеген адам саксофонның арнайы джаз музыкасын ойнау үшін жасалғанын айтады. Саксофон — адам дауысына ең жақын аспап. Саксофон үні мен адам дауысынан пайда болатын толқын өзара қатты ұқсайды. Бастапқыда саксофон тек әскери оркестрларда қолданылған. Кейін уақыт өте келе оны опералық және симфониялық оркестрге енгізе бастады. Көптеген танымал сазгер саксофонға арнап музыка жазатын болған. Мысалы, Клод Дебюсси саксофоны бар оркестрге арнап рапсодия жазған. Кейбір музыкашылар саксофонды "джаздың әміршісі" деп те атайды.

Сондай-ақ, бүгін адамдар қолынан өлген жануарларды еске алатын күн. Жануарлардың жаппай қырылуының басты себебі — адамдар әрекеті. Адам баласы өзінің мүмкіндіктері мен сана-сезімінің бар екендігіне орай жануарларға қамқор болуы керек. Осыған қарамастан жыл сайын Жер фаунасынан көптеген Қызыл кітапқа енген жануар жойылып барады. Бұл күні жануарлар терісінен киім кигенді жақсы көретіндер міндетті түрде ойлануы керек.

Бұдан өзге бүгін тәуелсіз, жалғыз жүрген әйелдер мерекесі. Егер сіз және өзге құрбыларыңыз сүйіктілеріңізді жолықтырып үлгермеген болсаңыздар, неге бас қосып, бұл уақытты бірге өткізбеске?! Сондай-ақ, бір-бірлеріңізге мерекенің құрметіне кішігірім сыйлық табыстауларыңызға болады. Мереке ресми емес, оны біреу ойлап тапқан.

6 қарашада болған тарихи оқиғалар

  • 011844 жылы Доминикана Республикасының конституциясы қабылданды;
  • 021860 жылы Авраам Линкольн АҚШ-тың 16-шы президенті болып сайланды;
  • 031923 жылы Польшада Краков көтерілісі басталды;
  • 041960 жылы Киев метрополитені іске қосылды;
  • 051975 жылы Sex Pistols Қасиетті Мартин көркем өнер мектебінде алғаш рет концерт берді.

6 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011972 жылы Кеме механизмдері мен аспаптарын басқаратын жүйелер мен комплекстерді шығаруға маманданған, КСРО-ның кеме өндірісі министірлігінің құрамына кірген "Омега" аспап жасау зауыты" АҚ құрылды;
  • 021979 жылы азамат және Ұлы Отан соғыстарында қаза тапқан солтүстік қазақстандықтарға арнап Петропавл қаласының алаңында жауынгерлік даңқ мемориалы ашылды;
  • 031992 жылы Алматы қаласындағы Райымбек батыр көшесінің бойындағы зиратта атақты әнші Әміре Қашаубаевқа қойылған ескерткіш-құлпытастың ашылу салтанаты өтті;
  • 042007 жылы Астанадағы "Зерде" инновациялық орталығы дайындаған қазақ тілі синонимдер сөздігінің электрондық нұсқасы таныстырылды;
  • 052007 жылы Каирде "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Мысыр Араб республикасының үкіметі арасында Каир қаласында Бейбарыс сұлтанның мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды;
  • 062009 жылы Қостанайдағы Тобыл өзенінің үстіне салынған көпір ашылды. Оны салу үшін 331 млн теңге жұмсалған.

6 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011814 жылы бельгиялық музыкалық аспап жасаушы, саксафонды жасап шығарған шебер Адольф Сакс дүниеге келді;
  • 021946 жылы австралиялық танымал The Easybeats рок тобының мүшесі, шотландиялық сазгер Джордж Янг туды. Ол "Friday on My Mind" және "Love Is in the Air" сынды хитердің авторы;
  • 031970 жылы америкалық актер, Ума Турманның бұрынғы күйеуі, "Жаттығу күнінде" Джек Хойттің рөлін сомдаған Итак Хоук дүниеге келді;
  • 041988 жылы австриялық поп әнші және дрэг-квин Кончита Вурст туды. Ол "Еуровидение-2014" байқауының жеңімпазы.

6 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді

  • 011920 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан кеңес одағының батыры Нағи Ілиясов туды;
  • 021924 жылы Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Нағымбек Нұрмұхамедов дүниеге келді;
  • 031928 жылы Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаған әрі алғашқы қазақ маман археологтарының бірі Хасен Алпысбаев туды;
  • 041930 жылы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, инженер-гидротехник, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнертапқышы Әділбек Жанғарин дүние есігін ашты;
  • 051962 жылы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық туберкулез проблемалары орталығы" РМКК директоры болған Тілеухан Әбілдаев дүниеге келді;
  • 061974 жылы Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы істері бойынша уақытша сенімді өкілі қызметін атқарған Сергей Нұртаев дүниеге келді.