Бүгін 6 өңірде автожолдардың 16 бөлігі ашылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Ұлытау облысында:

  • 01«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы;

Қарағанды облысында:

  • 01«Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы;
  • 02«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының Қарағандыдан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
  • 03«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
  • 04«Бастау-Ақтау-Теміртау» тасжолының Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін.

Павлодар облысында:

  • 01«Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;
  • 02«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін;
  • 03«Омбы-Майқапшағай» тасжолының Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығы.

Қостанай облысында:

  • 01«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі аралығы ашық;

Абай облысы:

  • 01«Омбы-Майқапшағай» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейінгі аралығы;
  • 02«Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка (ШҚО) ауылынан Семей қаласына дейін (Абай облысы)

Ақмола облысында:

  • 01«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Державинскке дейін;
  • 02«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Державинсктен Сурган ауылына дейін;
  • 03«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тасжолының Қостанай облысы шекарасынан Сурган ауылына дейін;
  • 04«Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жақсы ауылынан Атбасарға дейін;
  • 05«Жақсы-Есіл-Бузулук» тасжолының Жақсы ауылынан Бузулук ауылына дейінгі аралық.

Айта кетейік, бұған дейін 9 облыста жолдар жабылғаны хабарланған еді.