25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Апаттан 29 адам жарақат алды, оның ішінде екі бала бар. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы және басқа да ұйымдар ақпарат берді. Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зардап шеккендер туралы мәлімет
Сағат 10:30-дағы мәлімет бойынша:
- 01Ауруханада 20 науқас ем қабылдап жатыр;
- 026 адам реанимацияда, олардың ішінде: 5 ересек пациент Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде;
- 031 бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының реанимациясында.
Қазақстандық және халықаралық мамандардың көмегі
- 01Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы мен республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары Астанадан арнайы келген.
- 02Әзербайжанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері және санавиация бригадасы көмек көрсетуде.
- 03Зардап шеккендер мен олардың туыстарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Ресей азаматтарын эвакуациялау
Бүгін таңертең, сағат 08:30-да, Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің санитарлық авиациясы арқылы ресейлік азаматтар эвакуацияланды.
Апат туралы қысқаша
Ұшақ бортында:
- 0167 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған;
- 02Жолаушылар: 6 Қазақстан азаматы,
- 0342 Әзербайжан азаматы,
- 0416 Ресей азаматы,
- 053 Қырғызстан азаматы.
Апаттан аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.
Тергеу және комиссия жұмысы
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін Қазақстан, Әзербайжан және Бразилия өкілдерінен тұратын арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Embraer компаниясы Қазақстанға өкілдерін жіберіп, тергеуге атсалысуда.