Әлеуметтік желілерде 500 мың теңгеге қуыршақ сатылатыны туралы таралған хабарландыру қолданушылар арасында күмән туғызды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейбір желі қолданушылары оның астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған. Осыған байланысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп, жарияланым авторын анықтады.
Полиция мәліметінше, хабарландыруды психоневрологиялық есепте тұрған ер адам жариялаған. Тексеру барысында оның адам саудасына, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы барын растайтын деректер анықталған жоқ.
Осылайша, әлеуметтік желіде тараған баланы сату туралы болжам расталмады. Хабарландыруда шын мәнінде қуыршақ сату туралы айтылған.
