Бүгін, 5 қыркүйекте, әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі мерекелер
Ең әуелі, бүгін – **Өзара сыйластық күні**. Сыншылдар өзара сүйіспеншіліктің болуы мүмкін емес деп дәлелдеуге тырысса да, шын мәнісінде, бәрі басқаша. Өйткені өмірде өзара сыйластық, достық сияқты кіршіксіз сезімдер жоғалған жоқ. Сол себепті бүгінгі мерекені жақын-жуығыңызбен атап өтіңіз.
Сонымен бірге, бүгін – **Қызғылт сары күн**. Ағаштардан толассыз түсіп жатқан күрең қызыл жапырақтардың күні. Мамыражай тыныштық пен күннің жылы шуағы өткен жазды еске салып, айнала біртіндеп қызғылт сары түске еніп барады. Оның үстіне, қызғылт сары түс адамның эмоциясын сыртқа шығарып, өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, жақсы көңілкүй сыйлайды.
Бүгін әлемде – **Халықаралық қайырымдылық күні**, БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2013 жылдан бері тойланып келеді, ал осы мерекенің бастамашысы болған Венгрия елі. Бұл күн Тереза ананың қайтыс болған күнімен орайластырылған екен.
Үндістанда **Ұстаз күні** аталып өтеді.
5 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар
- 011781 жылы испандар қазіргі АҚШ аумағында Лос-Анджелес қаласының негізін қалады;
- 021905 жылы Ресей мен Жапония арасында Портсмут бітіміне қол қойылып, Орыс-жапон соғысы аяқталды;
- 031958 жылы АҚШ-та алғаш рет Борис Пастернактың "Доктор Живаго" романы жарық көрді;
- 041972 жылы Мюнхен Олимпиадасында палестиналық лаңкестер Израиль спортшыларын кепілге алды;
- 051977 жылы "Вояджер-1" автоматты планетаралық станциясы іске қосылды;
- 061981 жылы Азияда бірінші рет науқас ЖИТС-тен көз жұмды;
- 071986 жылы Австралияда өлім жазасы алынып тасталды.
5 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011933 жылы Алматыда М. Лермонтов атындағы республикалық драма театры ашылды;
- 021986 жылы "Қарағанды-Орталық" атты жаңа әуежай ресми түрде ашылды;
- 031991 жылы Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылданды;
- 042001 жылы Павлодарда Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт ашылды.
5 қыркүйекте туған танымал тұлғалар
- 011568 жылы италиялық философ, теолог әрі ақын Томмазо Кампанелла дүниеге келді;
- 021638 жылы француз королі, "Күн королі" атанған Людовик XIV дүниеге келді;
- 031774 жылы неміс суретшісі, романтизм өкілі Каспар Давид Фридрих дүниеге келді;
- 041817 жылы ақын, жазушы әрі драматург және Козьма Прутковты ойлап тапқандардың бірі — граф Алексей Толстой ("Дон Жуан", "Князь Серебряный") дүниеге келді;
- 051929 жылы кеңестік ғарышкер, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Андриян Николаев дүниеге келді;
- 061945 жылы шотландиялық әнші әрі композитор Эл Стюарт дүниеге келді;
- 071946 жылы британдық рок-музыкант, Queen тобының көшбасшысы Фредди Меркьюри дүниеге келді;
- 081951 жылы америкалық актер Майкл Китон ("Бэтмен", "Бэтменнің оралуы", "Шұғыл шаралар") дүниеге келді;
- 091970 жылы ресейлік музыкант, әнші, "Дискотека Авария" тобының солисті Алексей Рыжков дүниеге келді.
5 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді
- 011924 жылы қазақ композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сыдық Мұхамеджанов дүниеге келді;
- 021930 жылы жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент Сейділда Ордалиев дүниеге келді;
- 031954 жылы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің директоры қызметін атқарған Нұрсән Әлімбай дүниеге келді;
- 041957 жылы Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Ілияс Бұларов дүниеге келді;
- 051963 жылы мемлекет қайраткері, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болған Мұхтар Ерман дүниеге келді.
