5 қазанда оқу мекемелерінде Бүкіләлемдік мұғалім күні аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл күн – мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған әр азамат үшін үлкен мереке. Айтулы датаны 1994 жылы ЮНЕСКО бекіткен. Бұл күн оқушылар үшін де, мектептен түлеп ұшқан ересектер үшін де өте қымбат. Өйткені әрбір адамның өмірінде өшпес із қалдырған сүйікті де аяулы ұстазы бар. Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеті атап өтеді.

Бүгін Дүниежүзілік тіршілік ету ортасын қорғау күні аталып өтеді. Мереке 1979 жылы Еуропаның жабайы табиғатын және табиғи тіршілік ортасын сақтау жөніндегі Берн конвенциясы аясында бекітілген. Бұл күн адамның өзінен басқа түрлер мекендейтін орындарды қорғауға арналған. Алайда мұндай орындардың саны адам қызметінің барлық салада кеңеюіне байланысты азайып келеді. Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (World Conservation Union) деректеріне сәйкес, соңғы 500 жыл ішінде жануарлар мен өсімдіктердің 844 түрі мүлде жойылып кеткен. Бұл үрдіс, өкінішке қарай, әлі де жалғасуда.

Бүгін ТМД елдерінде Қылмыстық іздеу қызметкерлері күні аталып өтеді.

5 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011502 жылы теңізші Христофор Колумб Коста-Риканы ашты;
  • 021823 жылы Англияда алғашқы медициналық журнал басылып шыға бастады;
  • 031910 жылы Португалияда республика құрылды;
  • 041925 жылы АҚШ-та Эрнест Хемингуэйдің алғашқы кітабы басылып шықты. Бұл "В наше время" атты шағын әңгімелер жинағы болатын;
  • 051967 жылы Британ теннис қауымдастығы спортшыларды әуесқойлар мен кәсіпқойларға бөлу жүйесін алып тастап, жарыстарды барлығына ашық ету жөнінде ұсыныс жасады;
  • 061999 жылы Лондондағы Паддингтон вокзалының маңында теміржол апаты болды. Салдарынан 31 адам қаза болды.

5 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011868 жылы Гавриловское қыстағының орнында Талдықорған қаласы өз тарихын бастады;
  • 021930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті) ашылды;
  • 031943 жылы Шымкентте Қазақ химия-технология институты ашылды;
  • 041993 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденов тұрған үйге ескерткіш орнатылды.

5 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар

  • 011900 жылы кеңестік театр және кино әртісі Варвара Мясникова өмірге келді. "Чапаев" фильмінде "Аньканың" рөлін сомдаған;
  • 021940 жылы кеңестік театр және кино әртісі Виктор Павлов дүниеге келді (фильмдері: "Операция "Ы" и другие приключения Шурика", "Место встречи изменить нельзя");
  • 031943 жылы кеңестік театр және кино әртісі, КСРО халық әртісі Инна Чурикова туды;
  • 041975 жылы британиялық киноәртіс, "Оскар", "Алтын глобус" жүлделерінің иегері Кейт Уинслет (фильмдері: "Титаник", "Вечное сияние чистого разума", "Дорога перемен") өмірге келді;
  • 051976 жылы Шешен республикасының президенті Рамзан Қадыров дүниеге келді.

5 қазанда Қазақстанда кімдер туды

  • 011920 жылы ақын Жұбан Молдағалиев дүниеге келді;
  • 021924 жылы белгілі сатирик, жазушы Шона Смаханұлы дүниеге келді;
  • 031940 жылы кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тоқболат Тоғысбаев өмірге келді.