5 қарашада әлем халқы ескі суреттерді түгендеу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді естеліктер мерекесі деп те атауға болады, себебі қалың альбомдардың арқасында жасы үлкендер өткен өмірлеріндегі ең қызықты сәттерді еске түсіреді. Әр адамның балабақшаға, мектепке барарда, диплом алған кезде түскен суреттері бары сөзсіз. Бүгінде көп адам суреттерді бұрынғыдай басып шығара бермейді, оларды телефоннан немесе өзге де сақтауға арналған құрылғылардан көре береді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тарихи оқиғалар
5 қарашада әлемде бірнеше маңызды оқиға болды. 1919 жылы РФ қорғаныс министрлігінің әскери университеті құрылды. 1929 жылы Мәскеуде бірінші КСРО планетарийі ашылды. 1935 жылы «Монополия» ойыны шығарыла бастады. 1956 жылы Англияда бірінші рет түрлі-түсті көрсетілім өтті.
Қазақстанда да 5 қараша елеулі оқиғаларға толы. 1993 жылы «Болашақ» стипендиясын белгілеу туралы қаулы шықты. 1999 жылы Көкшетау қаласында Абылай ханға ескерткіш ашылды. 2009 жылы Орал қаласының электрондық картасы жасалды, сондай-ақ Қазақстанда биометриялық төлқұжаттар беріле бастады. Сол жылы Алматыда Қазақстан Республикасының ғалымы Берлин Иришевтің «Европаға жол. Евроодақ: интеграциялық моделінің тәжірибесі» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. 2010 жылы Алматыда ҚР орталық мемлекеттік мұражайында Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығы құрметіне көрме ашылды.
Белгілі тұлғалардың туған күні
5 қарашада әлемде танымал тұлғалар дүниеге келді. 1913 жылы ағылшын актрисасы, екі мәрте «Оскар» жүлдесін иеленген Вивьен Ли туды. 1938 жылы франциялық әнші әрі сазгер Джо Дассен дүниеге келді. 1952 жылы кеңес және украина футболшысы, жаттықтырушы Олег Блохин туды. 1981 жылы ресейлік журналист, актриса, қоғам қайраткері және теле-радио жүргізуші Ксения Собчак дүние есігін ашты.
Қазақстанда 5 қарашада туған тұлғалар да бар. 1941 жылы жазушы Берік Шаханұлы дүниеге келді. 1963 жылы дүниежүзі қазақтары жыр мүшәйрасының екі мәрте жүлдегері Құл-Керім Елемес туды. 1964 жылы киноактриса Гүлнәр Досматов өмірге келді. 1972 жылы Петропавл қаласының экс-әкімі Болат Жұмабеков дүниеге келді.
Сонымен қатар, 5 қараша — Ресей мен Мәскеудің басты символдарының бірі Останкино телемұнарасының туған күні. 2026 жылы ол өзінің 58-жылдығын атап өтіп жатыр. 1968 жылы телемұнара салынып біткенде Еуропадағы бірінші, ал жер бетіндегі екінші ең биік мұнара болатын. Оның биіктігі 540 метрді құрайды.
