Қазақстанның кей аймағында ауа температурасы +48°С ыстық болады. Қазгидромет 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді. Батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа-райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 16-17 шілдеде кейбір аймақта қатты бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.
Батыста жауын-шашын әсерінен жылу біртіндеп төмендеп, күндіз ауа температурасы +22+35°С болады. Солтүстікте де сынап бағанасы +21+36°С дейін төмендейді. Ал республиканың орталығы мен шығысында күн +41°С дейін қатты ысиды.
Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батысының жекелеген аумақтарында күн райы ыстық болады. Мұнда жауын-шашын болмайды, тек оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай болуы мүмкін. Күнделікті ауа температурасы +41+46°С-қа жетеді, бұл климаттық нормадан жоғары, дейді Қазгидромет.
Астана қаласындағы ауа райы
16 шілде: көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С. 17 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С. 18 шілде: күндіз өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз қатты ыстық +35+37°С.
Алматы қаласындағы ауа райы
16 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +22+24°С, күндіз +36+38°С ыстық. 17 шілде: ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +22+24°С, күндіз өте қатты жылу +38+40°С. 18 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +24+26°С, күндіз +40+42°С өте ыстық.
Шымкент қаласындағы ауа райы
16 шілде: сынап бағанасы түнде ауа температурасы +21+23°С, күндіз +41+43°С ыстық. 17 шілде: күн райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +23+25°С, күндіз +44+46°С ыстық. 18 шілде: жауын жаумайды. Түнде ауа температурасы +25+27°С, ал күндіз +46+48°С ыстық болады.
