Қазақстанда AI-Sana бағдарламасы аясында 440-тан астам жасанды интеллект (ЖИ) агенті әзірленді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жоғары білім саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Негізгі міндет – студенттің университетке түскен күннен бастап диплом алғанға дейінгі барлық негізгі процестерді бір жүйеге біріктіру.

Қандай ЖИ-шешімдер енгізілді?

Бүгінде ҰБТ сертификаты eGov жүйесінде қолжетімді, AI-прокторинг және AI-Talapker іске қосылған. Студенттер мен түлектер туралы негізгі деректер жоғары білім берудің бірыңғай платформасында жинақталады.

Алдағы жоспарлар

Ендігі кезекте оқу процесіне келесі ЖИ-шешімдерді енгізу жоспарланған:

  • 01AI-Admission
  • 02AI-Onboarding
  • 03жеке білім беру траекториясы
  • 04цифрлық құзыреттер профилі
  • 05AI-Library
  • 06AI-психолог
  • 07AI-Career

«Бұл бағытта бастапқы база қалыптасты. AI-Sana бағдарламасы аясында 440-тан астам ЖИ-агенттер әзірленді. Алдағы оқу жылында бағдарламаның 3-ші және 4-ші кезеңдері жүзеге асырылады», – деді Нұрбек.

Astana Hub бағдарламасы

Айта кетері, Astana Hub сұранысқа ие IT мамандықтарын меңгеруге арналған бағдарламасына өтінім қабылдауды бастаған. Бағдарлама аясында қатысушылар офлайн форматтағы оқу үшін 500 000 теңгеге дейін, ал онлайн немесе гибридті форматтағы оқу үшін 400 000 теңгеге дейін номиналды ваучер ала алады.