Қазақстан бойынша 4 шілдеге дауылды ескертулер жарияланды: жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ, ыстық, тұман, шаңды дауыл және сел қаупі күтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, 4 және 5 шілдеде Жетісу облысында қатты жаңбырдың салдарынан Жетісу Алатауында сел қаупі сақталады. Сол күндері Алматы мен Алматы облысында Іле, Күнгей және Теріскей Алатауында сел болуы мүмкін.
Алматы облысында 4 шілдеде таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз оңтүстікте және тауда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел, оңтүстікте, шығыста және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23-28 м/с. Облыстың солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі. Батыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қонаевта күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және қатты жел, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін жетеді. Іле Алатауы тауларында, оның ішінде Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, кейде қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел, күндіз жел екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Атырау облысында күндіз қатты ыстық — +30-дан +39 градусқа дейін. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстік-шығыста және орталықта тұман күтіледі. 4-12 шілде аралығында қатты ыстық — +35…+42 градус болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық +35 градусқа дейін жетеді.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз орталықта, солтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз орталықта және шығыста 15-20 м/с. Орталықта төтенше өрт қаупі, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында батыста, оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай, күндіз тауда кейде қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел болады. Батыста және солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, батыста, солтүстікте және оңтүстікте төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және жел екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында шығыста және солтүстік-шығыста аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте және шығыста тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте жаңбыр мен найзағай, күндіз оңтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде солтүстікте тұман болады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел, түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін, күндіз оңтүстікте және шығыста 15-20 м/с. Шығыста және оңтүстікте жоғары өрт қаупі, солтүстік-батыста және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында түнде шығыста, оңтүстікте және орталықта жаңбыр мен найзағай, күндіз солтүстікте аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел, түнде шығыста, оңтүстікте және орталықта 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін, күндіз солтүстікте 15-20 м/с. Күндіз облыста қатты ыстық +35 градусқа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз шығыста жаңбыр мен найзағай, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз солтүстікте және шығыста 15-20 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Қарағанды облысында түнде батыста және солтүстікте аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с. Солтүстікте жоғары өрт қаупі, батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай, батыста, солтүстікте және оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, батыста және оңтүстікте екпіні 25 м/с дейін. Петропавлда жаңбыр мен найзағай, күндіз бұршақ және қатты жел, жел 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысында оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай, тауда кейде қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және тауда 15-20 м/с. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда кейде жаңбыр мен найзағай күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай, кейде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел, солтүстікте және шығыста 15-20 м/с. Қостанайда жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Павлодар облысында солтүстікте, оңтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, батыста, оңтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с. Батыста және оңтүстікте жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай, күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында жаңбыр мен найзағай, күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 25 м/с дейін. Шығыста және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
