4 шілдеде әлемде және Қазақстанда бірнеше маңызды мерекелер мен тарихи оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Америка Құрама Штаттары мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Америкалықтар бұл мейрамды "Fourth of July" – "4 шілде" деп атайды. 1776 жылы 4 шілде күні АҚШ конгресі Тәуелсіздік декларациясын мақұлдаған болатын. Құжатқа конгресс президенті Джон Хэнкок пен хатшы Чарльз Томсон қол қойды.
Сондай-ақ, бүгін – II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлерге қатысты геноцидті еске алу күні. 1941 жылы 4 шілде күні фашистік Германия әскері Латвия астанасы Ригада мыңдаған еврейді сегіз синагога қамап, тірідей өртеп жіберді. Бұл күн тарихқа "хрусталь түні" ретінде енді.
4 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011631 жылы Парижде алғашқы мекенжай бюросы ашылды.
- 021886 жылы Нью-Йорк қаласына Бостандық мүсіні жеткізілді.
- 031946 жылы Кенигсбергтің атауы Калининград болып өзгертілді.
- 041946 жылы Филиппин тәуелсіз ел болып танылды.
- 051960 жылы Гавай аралдарының АҚШ құрамына енуіне орай Американың мемлекеттік туына 50-ші жұлдыз қосылды.
- 061975 жылы Кабо-Верде аралы Португалиядан тәуелсіздігін алды.
4 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011932 жылы бір топ қазақ зиялылары – Ғ. Қуанышев БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. Голощкинге хат (Бесеудің хаты) жолдады.
- 021969 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кездейсоқ жағдайда "Ақбақай" алтын кен орны ашылды.
- 031992 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігіне және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүше болды.
- 041992 жылы Алматы эстрада-цирк училищесіне Жүсіпбек Елебековтің есімі берілді.
- 051992 жылы Қарағандының Гоголь көшесі бойындағы оқу ғимаратында академик Е. Бөкетов музейі ашылды.
- 061996 жылы Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь тұңғыш ресми сапармен Қазақстанға келіп, президентпен кездесті.
- 072000 жылы Атырау қаласында қазақ халқының ұлы күйшісі, композитор, дүлдүл домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші ашылды.
- 082000 жылы Шығыс Қашағанда мұнайдың орасан мол мұнай қорының ашылу салтанаты болды.
- 092008 жылы Алматы қаласының әкімшілігі мен мәслихатының бірлескен шешімі бойынша Әуезов, Жетісу және Алмалы аудандарының аумағынан ұйымдастырылған Алатау ауданы құрылды.
- 102012 жылы елордада қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазының ескерткіші ашылды.
- 112014 жылы Алматыда физика-математика бағытындағы бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.
4 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011790 жылы ағылшын географы, геодезист, әлемнің ең биік шыңына есімі берілген Джордж Эверест дүниеге келді.
- 021872 жылы мемлекет және саяси қайраткер, АҚШ-тың отызыншы президенті Калвин Кулидж дүниеге келді.
- 031952 жылы Колумбия саясаткері, 2002-2010 жылдар аралығында Колумбия президенті болған Альваро Урибе Велес дүниеге келді.
4 шілдеде Қазақстанда кім туды
- 011926 жылы әнші (лирикалық баритон), КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор Ермек Серкебаев дүниеге келді.
- 021957 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған Алик Шпекбаев дүниеге келді.
- 031974 жылы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дүниеге келді.
