Бүгін, 4 қыркүйекте, әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен маңызды оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелер
Бұл күні бірқатар тамаша әрі айрықша мереке тойланады. Мысалы, Қызыққұмарлар күнін атап өтсе болады. Ең қызығы, осы мерекелердің бәрін қосып, жақсылап тұрып көңіл көтерген абзал. Өйткені 4 қыркүйек күні әлемде Көңіл көтеру күні аталып өтеді.
Сонымен бірге, бүгін — "Что? Где? Когда?" ойынының туған күні. Танымал телешоу 1975 жылы алғаш рет шыққан. Бұл бағдарламаның көпшілікке танылуына Владимир Ворошилов үлкен үлес қосты. Оның айрықша келбеті, "білгірлер" мен "көрермендерді" жарыстыра білуі және қатысушыларға "түйткілді сұрақтар" қоюы ойынның қызығын арттыра түсіп, жоғары жетістікке жеткізді.
Арменияда бүгін Құтқарушылар күні тойланып жатыр. Ресейде – Ядролық қамсыздандыру бойынша мамандардың кәсіби мерекесі. Әлемде – Халықаралық тхэквондо күні.
4 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011781 жылы АҚШ-та Лос-Анджелес қаласының негізі қаланды;
- 021882 жылы Нью-Йоркте Томас Эдисонның алғашқы коммерциялық электр станцияларының бірі іске қосылды;
- 031888 жылы Джордж Истман Kodak атауын тіркеді;
- 041944 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бельгияның Антверпен қаласы азат етілді;
- 051957 жылы "ТУ-104А" кеңестік реактивті жолаушылар ұшағы алғаш рет Мәскеу–Нью-Йорк рейсін орындады;
- 061959 жылы капрон шұлықтар алғаш сатылымға шығарылды;
- 071972 жылы америкалық жүзгіш Марк Спитц бір Олимпиадада жетінші алтын медалін жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты;
- 081991 жылы Свердловск атауы Екатеринбург болып өзгертілді;
- 091998 жылы Google трансұлттық корпорациясы құрылды.
4 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011953 жылы Қарағанды политехникалық институты ашылды;
- 021992 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақ тіліндегі "Сақшы" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;
- 031996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғимараты салынды;
- 042007 жылы Астанада Қазақстандағы украин диаспорасына арналған "Вести Украины" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;
- 052009 жылы Прагада Чехия Республикасындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті күндерінің ресми ашылуы болды.
4 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011768 жылы француз жазушысы, саясаткер және дипломат Шатобриан дүниеге келді;
- 021824 жылы австриялық композитор, органист Антон Брукнер дүниеге келді;
- 031908 жылы америкалық жазушы, "Ұлы ұл" романының авторы Ричард Райт дүниеге келді;
- 041927 жылы жасанды интеллект саласының негізін қалаушылардың бірі, америкалық ғалым Джон Маккарти дүниеге келді;
- 051929 жылы ресейлік театр және кино актрисасы Нина Ургант ("Укротительница тигров", "Белорусский вокзал") өмірге келді. Атақты шоумен Иван Урганттың әжесі;
- 061937 жылы Олимпиада чемпионы, австралиялық жүзгіш Доун Фрейзер дүниеге келді;
- 071956 жылы кеңестік футболшы, жартылай қорғаушы, КСРО-ның халықаралық деңгейдегі спорт шебері Сергей Шавло дүниеге келді;
- 081962 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, жапониялық ғалым Синъя Яманака дүниеге келді;
- 091968 жылы америкалық бейсболшы, Даңқ залының мүшесі Майк Пьяцца дүниеге келді;
- 101981 жылы америкалық R&B әндерін орындаушы, биші және сәнгер Бейонсе дүниеге келді.
4 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді?
- 011928 жылы танымал геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дубек Дүйсенбеков дүниеге келді;
- 021942 жылы жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіков өмірге келді;
- 031948 жылы ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған мемлекеттік әнұранының мәтінін жазған авторлардың бірі Жадыра Дәрібаева дүниеге келді;
- 041986 жылы актер, сценарист және режиссер Азамат Әбділдинов дүниеге келді.
