4 қарашада әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі мерекелер мен есте қаларлық оқиғалар аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алып омлет күні

1985 жылдан бастап жыл сайын Американың Луизиана штатындағы Аббевиль қалашығында «Алып омлет күні» тойланады. Қарашаның алғашқы демалысы қаланың бас алаңында алып омлет әзірленеді. Оған бес мың жұмыртқа, жиырма бес литр сүт және он келі түрлі көк шөп жұмсалады. Кез келген адам тағамның дәмін татып көре алады. Биыл ерекше мереке 4 қарашаға түсіп тұр.

Тіпті атақты Наполеон Бонапарттың өзі жұмыртқа тағамын қатты сүйіп жеген деген аңыз бар. Бірде император Францияның Бессьер қаласында түнеген кезде, жергілікті жердің «тауық сыйы» деп аталатын тағамынан дәм татады. Дәмі тіл үйіргені соншалық, Наполеон бүкіл округтен жұмыртқа жинап, әскерлеріне омлет пісіруді талап еткен.

Гая Фокс түні

Британияда қарашаның 4-нен 5-не қараған түні «Гая Фокс түні» аталып өтеді. Сондай-ақ бұл мейрам Алау түні немесе Отшашу түні деп те аталады. Бұл 1605 жылғы оқиғаны еске салатын Англияның ең танымал тарихи мерекелерінің бірі. Сол жылы король мен парламент бас орындаушысы дворян Гай Фокс болған қастандықтың құрбаны бола жаздаған еді.

Ресейде Халық бірлігі күні

Ресейде бүгін Халық бірлігі күні мерекеленеді. Бұл күні Кузьма Минин мен Дмитрий Пожарскийдің жоспары бойынша Мәскеу поляк интервенттерінен азат етілді. І Петр Мининді «Отанды құтқарушы» деп атады. Бұл мейрам біраз уақыт өз мәнін жоғалтып алды, алайда КСРО құлағаннан кейін ескі дәстүр қайта жаңғырды.

4 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011493 жылы Христофор Колумбтың экспедициясы Гваделупа аралын ашты;
  • 021873 жылы Сан-Францискодан шыққан дантист Джон Бирс алтын тіс сауыттарын патенттеді;
  • 031890 жылы Лондонда әлемдегі алғашқы жерасты электр жолы – метро ашылды;
  • 041946 жылы Парижде ЮНЕСКО құрылды.

4 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011907 жылы Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты;
  • 021977 жылы Қазақ кардиологиялық ҒЗИ құрылды;
  • 031995 жылы Трансазиялық темір жолдың Шу стансасынан Арыс стансасына дейінгі 582 шақырымдық электрификациялық учаскесі ашылды;
  • 041999 жылы Алматыда Софья Ковалевская көшесінің атауы композитор Нұрғиса Тілендиев атындағы көше болып өзгертілді;
  • 052000 жылы Қарағанды қаласында ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды.

4 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар

  • 011925 жылы кеңестік және ресейлік театр, кино әртісі Николай Прокопович дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (1995). Кеңестік әскери фильмдерде Гиммлердің рөлін сомдаған.
  • 021956 жылы кеңестік рок-музыкант, әнші, ақын, бірқатар әннің авторы, киноәртіс Игорь Тальков өмірге келді;
  • 031969 жылы америкалық әртіс, сценарийші, режиссер әрі продюсер, «Оскар» жүлдесінің лауреаты (фильмдері: «Интерстеллар», «Настоящий детектив», «Киллер Джо») Мэттью МакКохани туды;
  • 041984 жылы «Әйелдер лигасының» әртісі, сондай-ақ «Деффчонки» телехикаясында Маша Бобылкинаның рөлін сомдаған Галина Боб дүниеге келді.

4 қарашада Қазақстанда кімдер туды

  • 011880 жылы түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сергей Малов дүниеге келді;
  • 021898 жылы композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Мацуцин өмірге келді;
  • 031915 жылы журналист, әдеби мұраларды жинаушы Гүлнар Дулатова туды;
  • 041961 жылы әнші, актер Нұрлан Өнербаев дүниеге келді.