31 тамызда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі мерекелер

Бүгін әлемде Блог күні атап өтіледі. Бұл күнді тойлау идеясы 2005 жылы 31 тамызда пайда болды. Бүгінгі таңда бүкіләлемдік блогосфера – интернеттің тез таралып келе жатқан бөлігі, соңғы уақытта жылына бұл салада үш есе дерлік өсім байқалады.

Молдавия жаздың соңғы күні дәстүрлі мейрам – Ұлттық тіл күнін (Лимба ноастрэ) атап өтеді. 1989 жылы молдаван тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы заңның қабылдануы бұл мерекені бекітуге себеп болды.

Қырғызстан 1991 жылдан бері жыл сайын Тәуелсіздік күнін тойлайды.

Өзбекстанда 2001 жылдан бері 31 тамызда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады.

Сондай-ақ бүгін Ресейде ветеринар күні атап өтіледі. Бұл мейрам 2014 жылы ауыл шаруашылығы министрі Н.Федоровтың бастамасымен бекітілді.

31 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011900 жылы Англияда алғаш рет саудаға "Кока-Кола" газды сусыны шығарылды;
  • 021919 жылы Ирландияда баспасөз цензурасы алынып тасталды;
  • 031935 жылы Донбаста Стахановтың рекорды тіркелді, бір ауысымда 192 тонна көмір өндірілді;
  • 041955 жылы тұңғыш күн батареясымен жүретін көліктің үлгісі көрсетілді;
  • 051995 жылы АҚШ-та рок-н-ролл музейі ашылды.

31 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 012004 жылы Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының кездесуі өтті;
  • 022007 жылы Таразда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды;
  • 032012 жылы Қазақстанның тәулік бойы хабар тарататын "24KZ" тұңғыш жаңалықтар телеарнасы іске қосылды;
  • 042013 жылы Өскеменде жазушы Оралхан Бөкейдің ескерткіші ашылды.

31 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011749 жылы орыс ақыны, жазушы, философ Александр Радищев дүниеге келді;
  • 021879 жылы композитор, музыкалық этнограф Виктор Успенский дүниеге келді;
  • 031948 жылы немістің Scorpions тобының гитаристі Рудольф Шенкер дүниеге келді;
  • 041949 жылы америкалық актер, "Алтын глобус" марапатының иегері Ричард Гир өмірге келді;
  • 051980 жылы әлем чемпионы, ресейлік хоккейші Александр Попов дүниеге келді.

31 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011904 жылы филология ғылымының докторы, әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Зоя Кедрина дүниеге келді;
  • 021931 жылы Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова дүниеге келді;
  • 031962 жылы саясаткер, мемлекет қайраткері Нұрлан Нығматулин дүниеге келді.