31 қазан – бірнеше мерекені тойлауға қолайлы күн. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін ата-анаға алғыс айту күні аталып өтеді. Бұл күні әсіресе өз ата-анаңа назар аудару өте маңызды. Күнделікті күйбің тіршілікте біз тіпті оларға қоңырау шалуды ұмытып кетеміз. Оларға көңіл бөліп қуантыңыз, себебі олар күн сайын сіздермен кездесуді күтіп, сағынып отырады. Сыйлық сатып алыңыз немесе бірге отырып шай ішіңіз, өйткені біздің ата-анадан жақын ешкіміз жоқ.

Сондай-ақ бүгін ең жағымды мереке – Қашықтықтан сезім білдіру күні. Егер сүйікті адамыңызға сезіміңізді білдіргіңіз келсе, оны әртүрлі тәсілмен орындауға болады. Біреу құшақтасқанды жақсы көреді, енді біреуге сыйлық жасау маңызды, ал басқа біреу қашықтықтан сезім білдіруден рахат табады. Бір қызығы, қыздар жігітке көбірек көңіл аударғанды ұнатады, сондықтан олар екінші жартысына қашықтықтан жиі сезім білдіріп жатады.

Әрине, әлемнің көптеген елінде бүгін, Барлық әулие күні қарсаңында мистикалық мереке – Хэллоуин аталып өтеді. Хэллоуинді атап өтудің көптеген қызықты дәстүрі бар. Балалар қорқынышты костюмдер киіп, көршілердің үйіне барып, америкалық фильмдердегі белгілі сөз тіркесі: "Кәмпит немесе өлім!" деп айтып, тәтті сұрайды. Хэллоуинде сондай-ақ үйді асқабақпен, жасанды өрмекші торымен және басқа да тақырыптық әшекейлермен безендіреді. Мұндай ортада қорқынышты әңгімелер айтылып, фильмдер тамашаланады.

31 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

  • 011864 жылы Невада АҚШ-тың 36-штаты болып қабылданды;
  • 021892 жылы "Шерлок Холмстың бастан кешкендері" кітабы жарық көрді;
  • 031922 жылы Бенито Муссолини Италияның премьер-министрі қызметіне кірісті;
  • 041950 жылы Эрл Ллойд НБА тарихында ресми ойынға қатысқан алғашқы қара нәсілді баскетболшы атанды;
  • 051956 жылы Ұлыбритания мен Франция Суэц дағдарысы кезінде Мысырға әуе шабуылдарын бастады;
  • 061961 жылы Иосиф Сталиннің денесі Ленин кесенесінен алынды;
  • 071968 жылы АҚШ президенті Линдон Джонсон Солтүстік Вьетнамды бомбалауды тоқтату туралы бұйрық берді;
  • 081984 жылы Үндістан премьер-министрі Индира Ганди екі оққағарының қолынан қаза тапты;
  • 091985 жылы "Ария" рок тобының негізі қаланды;
  • 101999 жылы EgyptAir әуе компаниясының 990-рейсі Атлант мұхитына құлап, 217 адам қаза тапты;
  • 112011 жылы Жер халқының саны 7 миллиардтан асты;
  • 122015 жылы Мысырдың Синай түбегінде Ресейдің Airbus A321 ұшағы апатқа ұшырап, 224 адам қаза тапты.

31 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

  • 011871 жылы Біржан мен Сара арасындағы атақты айтыс өтті;
  • 021937 жылы Семейде Қазақ КСР халық комиссарлары Кеңесінің қаулысымен педагогикалық институт ашылды;
  • 032005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Ғарыш кеңесі құрылды;
  • 042007 жылы Павлодар облысының Жертұмсық ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 40 жауынгердің құрметіне Даңқ обелискі орнатылды.

31 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар:

  • 011815 жылы неміс математигі Карл Вейерштрасс дүниеге келді;
  • 021835 жылы неміс химигі, Нобель сыйлығының иегері Адольф фон Байер туды;
  • 031892 жылы шахматтан төртінші әлем чемпионы Александр Алехин дүниеге келді;
  • 041922 жылы кеңес театр және кино актері, мұғалім, КСРО халық әртісі (1973) Анатолий Папанов дүниеге келді. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1989 — қайтыс болғаннан кейін). Ол кеңестік "Қап, бәлем" мультфильмінде қасқырға дауыс берген;
  • 051944 жылы кеңес және Ресей кино, театр актрисасы Раиса Раисаева дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2005);
  • 061961 жылы "Сақиналар әміршісі" кинотрилогиясының режиссері Питер Джексон дүниеге келді;
  • 071981 жылы украиналық музыкант, пианист, композитор, "Esthetic Education" тобының мүшесі, "Океан Ельзи" тобының бұрынғы мүшесі Дмитрий Шуров дүниеге келді.

31 қазанда Қазақстанда кім туды:

  • 011938 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Платиновый Тарлан" тәуелсіз сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасян дүниеге келді;
  • 021970 жылы Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев дүниеге келді;
  • 031954 жылы белгілі журналист Сейтқазы Матаев дүниеге келді;
  • 041971 жылы Ақмола облысының бұрынғы әкімі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин дүниеге келді.