30 шілдеде әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен тарихи оқиғалар аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық достық күні
Бүгін – Халықаралық достық күні. Бұл күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады. Оған мәдениет және бейбітшілік саласындағы іс-қимыл декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған бүкіл ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық себеп болды.
Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні
Сондай-ақ, Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні аталып өтеді. Оны да БҰҰ Бас Ассамблеясы осыдан алты жыл бұрын бекіткен болатын.
Мароккодағы Тақ күні
Марокко корольдігінде ұлттық мейрам – Тақ күні. Оны 19 жыл бұрын VI Мұхаммед таққа отырған күннен бастап тойлап келеді.
Вануатудың Тәуелсіздік күні
Вануату Республикасы да ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтіп отыр. Вануату – Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдарда орналасқан мемлекет. Ресми тілі – бислама (пинджин), ағылшын және француз тілдері. Ақша бірлігі – вату.
Әлемдегі тарихи оқиғалар
30 шілдеде әлемде бірнеше маңызды оқиғалар болды: - 1937 жылы КСРО Ішкі істер халық комиссариатының төтенше "үштігі" "халық жауларын" өлім жазасына кесуге құқық алды. - 1956 жылы АҚШ долларында "In God We Trust" ("Біз құдайға сенеміз") сөзі жазылды. - 1971 жылы "Аполлон-15" астронафтары – Дэвид Скотт пен Джеймс Ирвин Айға қонды. - 1932 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында Х Олимпиада ойындары ашылды. - 2017 жылы Түркияның Самсун қаласында XIII Сурдлимпиада ойындары өтті.
Қазақстандағы тарихи оқиғалар
30 шілдеде Қазақстанда да бірқатар оқиғалар болды: - 1937 жылы Шығыс Қазақстанда "Рубцовск-Риддер" теміржол учаскесі ашылды. - 1954 жылы Қытайда Іле қазақ автономиялық ауданының негізі қаланды. - 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Кабо-Верде Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. - 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Шығыс Уругвай Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. - 2015 жылы Панфилов өңірінде өндірістік-коммерциялық операцияларға арналған "KTZE-Khorgos Gateway" құрғақ порты ашылды.
Әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
30 шілдеде әлемге әйгілі тұлғалар дүниеге келген: - 1947 жылы танымал кино актер Арнольд Шварцнеггер дүниеге келді. - 1948 жылы киноактер Жан Рено дүниеге келді. - 1970 жылы белгілі режиссер Кристофер Нолан дүниеге келді.
Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар
30 шілдеде Қазақстанда да көрнекті адамдар дүниеге келген: - 1835 жылы халық ақыны, әнші әрі композитор Жаяу Мұса Байжанұлы дүниеге келді. - 1929 жылы тарих ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Ләйлә Әуезова дүниеге келді. - 1951 жылы әнші, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішев дүниеге келді. - 1991 жылы конькимен жүгіру спортының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шорт-тректен спорт шебері Екатерина Айдова дүниеге келді.
