30 қыркүйекте әлемнің көптеген елінде ауызша және жазбаша аудармашылардың кәсіби мерекесі – Халықаралық аудармашы күні аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аудармашылар болмаса, әдебиет және кино өнерінің көптеген туындысы, ғылым мен техниканың жетістіктері қолжетімді болмас еді, әлем елдерінің адамдары бір-бірімен сөйлесе алмас еді. Солай бола тұра, аудармашылардың кәсіби мерекесі тек 1991 жылы пайда болды. Жыл сайын бұл күнді мерекелеу аясында әр түрлі баспасөз конференциялары, көрмелер, тренингтер мен семинарлар өткізіледі.

Сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен қыркүйектің соңғы күнінде Халықаралық керең-мылқаулар күні аталып өтеді. Мерекені 1951 жылы Халықаралық керең-мылқаулар федерациясы қолданысқа енгізді. Көптеген елде саңырау адамдар қоғамының қалыптаса бастауы мен дамуына саңырауларға арналған мектеп түлектерінің кездесуі мен күш біріктіруі ықпал етті.

Бұл күні Ботсвана Республикасының Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні тойланады. 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10-сессиясының шешімімен Бүкіләлемдік теңіз күні қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты – теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару.

30 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011452 жылы Германияда алғашқы Библия басып шығарылды;
  • 021882 жылы АҚШ-та Фокс өзенінде алғашқы су электр станциясы іске қосылды;
  • 031902 жылы жасанды жібек – вискоз патенттелді;
  • 041938 жылы Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия Мюнхен келісіміне қол қойды;
  • 051948 жылы кеңестік көп мақсатты Ми-1 тікұшағы алғашқы рейсін орындады;
  • 061949 жылы Батыс Берлинді әуе арқылы қамтамасыз еткен Берлин әуе көпірі аяқталды;
  • 071966 жылы Ботсвана Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялады.

30 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1824 жылы Ресей Сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі империяның бекіністі аудандарының ресми реестріне енгізілді. 1920 жылы "Мысль" журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журнал түрлі атаумен шықты: "Қазақстанның большевигі", "Қазақстанның коммунисі", "Қазақстанның партиялық тынысы". Тәуелсіздік алғаннан кейін (1992 жылдан бастап) "Мысль" деп аталды.

1992 жылы Қазақстан министрлер кабинеті жастар үшін Мемлекеттік "Дарын" сыйлығын тағайындау туралы қаулы қабылдады. 1996 жылы Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт мәтініне қол қойды. 2000 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды.

30 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011207 жылы парсы ақыны, сопы әрі ойшыл Жалаладдин Руми дүниеге келді;
  • 021891 жылы кеңес математигі, астроном, солтүстікті зерттеуші Отто Шмидт дүниеге келді;
  • 031925 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Вера Васильева дүниеге келді ("Сказание о земле Сибирской", "Свадьба с приданным", "Звезда экрана", "Несовершеннолетие", "Карнавал", "Выйти замуж за капитана" фильмдері);
  • 041928 жылы жазушы, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Эли Визель дүниеге келді;
  • 051939 жылы француз химигі, Нобель сыйлығының лауреаты Жан Мари Лен дүниеге келді;
  • 061944 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Татьяна Ткач дүниеге келді ("Белое солнце пустыни", "Место встречи изменить нельзя", "Бег" фильмдері);
  • 071964 жылы Италия киноактрисасы әрі фотомодель Моника Белуччи дүниеге келді ("Матрица", "Матрица: Революция", "Страсти Христовы", "007: Спектр" фильмдері);
  • 081975 жылы француз актрисасы, "Оскар" сыйлығының лауреаты Марион Котийяр дүниеге келді.

30 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді

  • 011884 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Ыбырайым Жайнақов дүниеге келді;
  • 021903 жылы Қазақ КСР-нің халық әртісі Надежда Самышина дүниеге келді;
  • 031923 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Әбдуәлі Еренов дүниеге келді;
  • 041934 жылы жазушы, көсемсөзші, ақын, аудармашы, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Сарбас Ақтаев дүниеге келді;
  • 051941 жылы заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Майдан Сүлейменов дүниеге келді.