Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 30 мамырда Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысын өткізіп, жұмысты қорытындылайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Отырыс барысында Президент Парламенттің атқарған жұмысына баға беріп, алдағы міндеттерді айқындайды. Сонымен қатар, бірлескен отырыста маңызды заң жобалары қаралуы мүмкін.
Бұл – Парламенттің ағымдағы сессиясындағы соңғы бірлескен отырыс. Отырысқа Сенат және Мәжіліс депутаттары қатысады.
