3 тамызда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен маңызды оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелер

АҚШ-та бұл күні Ұлттық қарбыз күні тойланады. Америкалықтар үшін бұл жидек жазғы пикниктердің ажырамас бөлігі саналады. Жыл өткен сайын бұл мерекеге деген қызығушылық артып келеді.

Қарбыздың құрамындағы қанттың мөлшері бар болғаны 6%, сондай-ақ ол қияр секілді 90% судан тұрады. Сондықтан диета ұстайтындар үшін қарбыз таптырмайтын тағам.

Бүгінде қарбыз өсіруден Қытай көш басында. Ал Жапония бұл жидектің сан алуан түрін шығарудан алдына жан салмайды. Жапондар төрт бұрышты қарбыз, пирамида пішініндегі қарбыз және диаметрі 10 см ғана кішкентай қарбыздар өсіреді. Ал ең ауыр қарбыз АҚШ-та өсірілген, оның салмағы 122 кг.

Нигер Республикасы бүгін Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Сондай-ақ бүгін Канадада тағам күні аталып өтеді. Бұл күн қазір аспазшылардың кәсіби мейрамына айналған. Олар мереке күні тамақты тек отандық азық-түліктен әзірлейді.

3 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011942 жылы Христофор Колумб Үндістанның жағалауына жетіп, жаңа жерлерді ашу үшін Испаниядан үш кемемен шықты.
  • 022005 жылы түркі сценарисі Сафа Онал экранға шыққан сценарийлер саны бойынша Гиннес рекордтар кітабына енді. Ол 395 сценарий жазған.
  • 031778 жылы Италияда Миланда "Ла Скала" операсының ғимараты ашылды.
  • 041914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия Францияға соғыс жариялады.
  • 051958 жылы Американың "Наутилиус" атомдық сүңгуір қайығы алғаш рет Солтүстік полюске су астымен жетті.

3 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011904 жылы ұзындығы 1668 км құрайтын Орынбор-Ташкент магистралінің құрылысы басталды.
  • 021960 жылы Теміртаудағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды.
  • 032001 жылы Қазақстанда Түркияның Бас штабының әскери-техникалық өкілдігі ашылды.

3 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011903 жылы Тунистің алғашқы президенті Хабиб Бургиба дүниеге келді.
  • 021905 жылы кеңес одағының радиохимигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Борис Курчатов дүниеге келді.
  • 031959 жылы жапон ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Коити Танака дүниеге келді.
  • 041963 жылы америкалық рок-музыкант, гитарист, "Metallica" тобының негізін салушылардың бірі Джеймс Алан Хэтфилд дүниеге келді.

3 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011933 жылы химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Зейнолла Молдахметов дүниеге келді.
  • 021985 жылы әуесқой боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауов дүниеге келді.