3 шілдеде әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен айтулы оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелер
**Беларусьте Тәуелсіздік күні** – мемлекеттік мейрам. 1996 жылы президент Александр Лукашенко Тәуелсіздік күнін шілденің 3-інде атап өтуге жарлық шығарды, бұл күн елді фашистік Германиядан азат еткендердің құрметіне орай белгіленген. Жыл сайын әскери парад ұйымдастырылады.
**Хакасия Республикасының ұлттық күні** – «Хакас Чирі» мерекесі. 1992 жылдың 20 қазанындағы «Хакасия Республикасы күні туралы» заңмен бекітілген.
**Ресейде Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекция күні** – 1936 жылдан бері атап өтіледі. Сол жылы 3 шілдеде КСРО Халық комиссарлары кеңесі автомобиль инспекциясын құру туралы ережені қабылдады. Бастапқыда құрылымның құзіретіне жүргізушілерді даярлау мен тәрбиелеу, жол-көлік апаттарымен күресу міндеттері жатқан. Алғашқы жылы МАИ-дың штатында 57 адам болған.
**Алтай Республикасының құрылған күні** – 1991 жылы Ресей Федерациясының құрамындағы Таулы Алтай автономды облысы республика мәртебесін алды. Мемлекет оңтүстік-батысында Қазақстанмен шектеседі.
Әлемде болған тарихи оқиғалар
- 01**1841 жылы** ағылшын астрономы Джон Адамс Нептун планетасын ашқандығын жариялады.
- 02**1915 жылы** Түркияда алғашқы қағаз ақша айналымға шығарылды.
- 03**1928 жылы** алғашқы теледидарлар сатылымға шықты. Олардың бағасы 75 доллар болған.
- 04**1929 жылы** Dunlop Latex зертханасында алғаш рет каучук өндірілді.
- 05**1962 жылы** Франция Алжирдың тәуелсіздігін жариялады.
- 06**1964 жылы** АҚШ-та азаматтық құқықтар туралы заң қабылданды, оған сәйкес нәсілдік сегрегацияға тыйым салынады.
Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 01**1903 жылы** Семей мұғалімдер семинариясы ашылды – Қазақстандағы орта білім мекемелерінің бірі.
- 02**1960 жылы** Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды.
- 03**1999 жылы** Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында «Алпамыс батыр» эпосының 1000 жылдығы аталып өтті.
- 04**2006 жылы** Астанада меценаттар клубы құрылды.
- 05**2009 жылы** «Астана Арена» стадионы ашылды, сондай-ақ елорданың индустриялық аумағында локомотив құрастыратын жаңа зауыт ашылды.
- 06**2013 жылы** археологтар Ақмола облысы Сандықтау ауданының бұрынғы Сарқырама мекенінен біздің заманымызға дейінгі IV ғасырға тиесілі бірқатар бірегей ескерткішті тапты.
3 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 01**1924 жылы** Сингапурдың бұрынғы президенті Селлапан Раманатан дүниеге келді.
- 02**1962 жылы** америкалық киноактер және продюсер Том Круз дүниеге келді.
- 03**1971 жылы** WikiLeaks негізін қалаушы, интернет-журналист Джулиан Пол Ассанж дүниеге келді.
3 шілдеде Қазақстанда туғандар
- 01**1948 жылы** филология ғылымдарының докторы, профессор, білім беру ісінің үздігі, академик Серік Негимов дүниеге келді.
- 02**1952 жылы** медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақов дүниеге келді.
- 03**1954 жылы** ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ерұлан Бағаев дүниеге келді.
- 04**1966 жылы** суретші, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Қазыбек Әжібекұлы дүниеге келді.
