Бүгін, 3 қыркүйекте әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен есте қаларлық оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдік мерекелер мен оқиғалар
1984 жылы 3 қыркүйекте белгілі генетик Алек Джеффриз ДНҚ-ның бірегейлігін және қайталанбайтынын дәлелдеп, оны "генетикалық ізтаңбалар" тізбегі деп атады. Бұл генетикалық саусақ іздерін дамытудағы алғашқы қадам болды. Сондықтан бүгін ДНҚ-ның бірегейлігі ашылған күн аталып өтеді.
Сондай-ақ, бүгін бейресми, бірақ әйелдер арасында өте танымал – Төстартқыштың туған күні аталып өтеді. 1900 жылы француз әйелі Эрмин Кадоль Дүниежүзілік көрмеде жұртшылыққа төстартқыштың қазіргі үлгісін таныстырды. Қызықты дерек: Victoria's Secret компаниясы Fantasy bra деген атаумен бірегей, 4 200 гауһармен безендірілген төстартқыш жасап шығарды, ол 10 миллион долларға бағаланды.
Бүгін Австралия өзінің ұлттық мерекесі – Ту күнін атап өтеді. Ал Катар Тәуелсіздік күнін, Молдавия Ұлттық әскер күнін тойлайды. 1955 жылдан бері Тунисте тәуелсіздік қозғалысы күні аталып келеді.
Тарихи оқиғалар: 3 қыркүйек
3 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар:
- 011791 жылы Францияның алғашқы Конституциясы жарияланды;
- 021912 жылы Англияда әлемдегі алғашқы консерві зауыты жұмыс істей бастады;
- 031939 жылы Германияның Польшаға басып кіруінен кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады;
- 041943 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Италия одақтастармен бітімге келу туралы жасырын келісімге қол қойды;
- 051976 жылы Viking-2 ұшқышсыз аппараты Марсқа қонды;
- 061996 жылы Америка Құрама Штаттары Иракқа зымыранмен соққы жасады ("Шөлдегі шабуыл" операциясы);
- 072014 жылы "Полайн" кемесі Жапония теңізінде апатқа ұшырады.
Қазақстандағы тарихи оқиғалар
3 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
- 011928 жылы Алматы округі құрылып, оның құрамына 21 аудан (Ленин, Талғар, Шымкент, Жаркент, Балқаш, т.б.) енді;
- 021992 жылы Қазақстан президентінің "Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы" жарлығы жарияланды;
- 031998 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді;
- 042007 жылы Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қазақ-түрік лицейінің ашылуы өтті;
- 052009 жылы Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді;
- 062020 жылы тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға қатысты қолданылған "оралман" терминінің орнына "қандас" атауы енгізілді;
- 072026 жылы Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні 3 қыркүйекке белгіленді.
3 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
3 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар:
- 011804 жылы АҚШ-тың 14-президенті Франклин Пирс дүниеге келді;
- 021875 жылы неміс автомобиль инженері, Porsche компаниясының негізін қалаушылардың бірі Фердинанд Порше дүниеге келді;
- 031903 жылы армян-кеңестік композитор, дирижер Арам Хачатурян дүниеге келді;
- 041905 жылы америкалық физик, Нобель сыйлығының лауреаты Карл Дэвид Андерсон дүниеге келді;
- 051913 жылы АҚШ кино актері Алан Лэдд дүниеге келді;
- 061944 жылы Ресейдің кино актері Борис Сморчков дүниеге келді ("Мәскеу көз жасына сенбейді");
- 071965 жылы америкалық актер, Мартин Шиннің кенже ұлы Чарли Шин дүниеге келді ("Достар" телехикаясы, "Өте қорқынышты кино 4", "Өте қорқынышты кино 5");
- 081986 жылы америкалық сноубордшы, үш дүркін Олимпиада чемпионы Шон Уайт дүниеге келді;
- 091993 жылы австриялық теннисші, 2020 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы Доминик Тийм дүниеге келді.
Қазақстанда 3 қыркүйекте кім туды
3 қыркүйекте Қазақстанда кім туды:
- 011927 жылы дирижер, Қазақстанның халық әртісі Тұрғыт Османов дүниеге келді;
- 021939 жылы ғалым-археолог, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ ғылым академиясы сыйлығының лауреаты Сержан Ақынжанов дүниеге келді;
- 031957 жылы театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Долматова дүниеге келді ("Тоғысқан тағдырлар", "Рэкетир", "Мәміле");
- 041960 жылы бірінші шақырылған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған "Халықтың көші-қоны туралы" заңының авторы Әкім Ысқақ дүниеге келді;
- 051986 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, балуан, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров дүниеге келді.
