3 қазанда әлемде бірнеше мереке мен маңызды тарихи оқиға тіркелген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін – балағат сөз айтпайтын күн. Әрқайсымыздың өмірімізде келеңсіз жайттар мен күйзеліс туғызатын оқиғалар болып жатады. Сондықтан бірнәрсе көңіліңізге қонбаса, ұрысып, байбалам салудың қажеті жоқ. Мәселеге басқа көзбен қарап көріңіз, қандай жағдай болса да, жақсыға жоруға тырысыңыз. Ғалымдар анықтағандай, егер адам күн сайын балағат сөз айтатын болса, бойында жағымсыз энергия жинақталып, ДНҚ-сын бұза бастайды. Бұл әсіресе нәзік жандыларға қатысты – боқауыз сөз айту әйел адамның гормонына зиянын тигізеді. Ғалымдардың сөзіне құлақ ассаңыз, айналаңызға жақсы энергия ғана таратасыз.

Бүгін, сонымен бірге, Дүниежүзілік салауаттылық күні тойланады. 3 қазанда бүкіл әлемде аталып өтетін бұл мереке маскүнемдікке шалдығу тұлғаның кері кетуіне әкеп соғатынына назар аударуға бағытталған. Германияда бүгін Немістердің бірлігі күні тойланады, ал Оңтүстік Кореяда – мемлекеттің құрылу күні.

3 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011906 жылы SOS сигналы халықаралық апат дабылы болып бекітілді;
  • 021932 жылы Ирак Ұлттар Лигасына мүше болып қабылданып, тәуелсіз мемлекет ретінде танылды;
  • 031945 жылы Дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы құрылды;
  • 041952 жылы АҚШ-та магниттік таспаға алғаш рет бейнежазба жазылды;
  • 051952 жылы Ұлыбритания өзінің алғашқы атом бомбасын сынады;
  • 061968 жылы "Ту-154" магистральді жолаушылар ұшағы алғаш рет ұшырылды;
  • 071990 жылы Германия қайта бірікті. Германия Демократиялық Республикасы Германия Федеративтік Республикасының құрамына қосылды.

3 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011883 жылы Семей қаласында тарихи музей мен қоғамдық кітапхана ашылды;
  • 021946 жылы Өскеменде 600 абонентке арналған жартылай автоматты телефон станциясы пайдалануға берілді;
  • 031997 жылы Алматыда Қазақстанның халық жазушысы Мұхамеджан Бекхожин мен академик Мұхамеджан Қаратаев тұрған үйлерге ескерткіш тақталар орнатылды;
  • 042011 жылы Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының III форумы өтті.

3 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011873 жылы кеңес жазушысы Вячеслав Шишков дүниеге келді. 1946 жылы ол "Емельян Пугачев" романын жазғаны үшін бірінші дәрежелі Сталин сыйлығын иеленді;
  • 021895 жылы атақты орыс ақыны Сергей Есенин өмірге келді;
  • 031935 жылы кеңестік театр және кино актері, театр педагогі, театр режиссері Армен Джигарханян дүниеге келді (фильмдері: "Здравствуй – это я!", "Журавушка", "Здравствуйте, я ваша тетя", "Место встречи изменить нельзя");
  • 041948 жылы америкалық актриса, әнші және жазушы Дэниелла Стил дүниеге келді;
  • 051954 жылы америкалық әнші, композитор және актер Стивен Уилсон дүниеге келді;
  • 061964 жылы ресейлік музыкант, вокалист, композитор, "Агата Кристи" рок тобының көшбасшысы Вадим Самойлов дүниеге келді;
  • 071973 жылы америкалық актриса, әнші және модель Лена Хиди дүниеге келді. Ол "Игра престолов" телехикаясындағы Серсея Ланнистер рөлімен танымал.

3 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

  • 011870 жылы 1916 жылғы Қарқаралы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі Серікбай Қанайұлы дүниеге келді;
  • 021900 жылы ақын, әнші, әртіс, алғашқы кәсіби қазақ актерлерінің бірі Иса Байзақов дүниеге келді;
  • 031941 жылы жазушы, аудармашы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді;
  • 041942 жылы математик, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбаев дүниеге келді.